Этель Корнелл және В. Кокс (Cornele-Coxe Performance Abilety Scale) екеуі өзгеше верьалды емес шкала ұсынды. Бұл екі шкалалар әр түрлі мақсаттар үшін жобаланды: біріншісі – Биненің вербалды емес түсінігін беру болса, ал екіншісі – оған қосымша ретінде қолдану болды. Стенфорд-Бине шкаласының кең тараған жаңа редакцияда қамтылмаған 11-13 жас пен қоса, 2 жастан ержеткен жасқа қарастырылды. Эквивалентті формасы жасалынды олар L және M болып табылды (авторлардың бас әріптері қолданылды: Льюис Термен және Мауд Мерилл). Бұл шкаланың болжамы Америкада туылған үш мың 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі ақ нәсілді балаларды зерттеу барысында стандартталды (бір үлгіге салынды).
1916 жылы және 1937 жылы жарық көрген шкалаларға мынадай сын ескертпелер айтылған еді: ауызша тапсырмалардың көптігі, ересектерді бағалау құндылығының күдік тудыруы, тапсырмаларды әр уақытта дұрыс таңдамауы т.б. Дегенмен соңғы шкала көптеген психологтар тарапынан қолдау тапты. М.Меррилдан басқа Стэнфорд-Бине шкаласын жасауда Кьюин Мак-Нимар деген белгілі американ психологі жұмыс жасады, ол кейінірек Термен мен жаңа шкаланы, яғни Термен Мак-Нимардың ақыл-ой тестісін жариялады.
1938 жылы Ұлыбританияда тест жасалды. 1930 жылдың басында психологтарды Бэбкоктың (Babcocr”s Deterioretion Test) интеллектінің нашарлауын диагностикалауға арналған тесті қызықтырды. Тестіге Стэнфорд-Бине шкаласынан вербалды тапсырмалар енгізілді. Кейінірек оқуға деген қабілеттілік пен жасап беру жылдамдығын анықтайтын 24 түрлі сынау қолданылды. Бұл интеллектінің сол деңгейін бейнелейтін көрсеткіш болды. Осы екі бағалаудың айырмасы интеллектінің нашарлау деңгейін бейнелейді деп қабылданды.
Вербалдық деп аталатын бірінші субтестінің көмегімен сыналушының жалпы және қарапайым арифметикалық есептерді шығаруын, құбылыстар мен заттар арасындағы ұқсастықты байқауын зерттеуге болады.
Вербалдық емес субтестілерде сыналушыдан бейнеден жетіспейтін детальдарды табу, кубиктерден әр түрлі фигураларды құрау, бөліктерден әр түрлі фигура құрастыру талап етіледі.
Р.Бернрейтердің сауалнамасын еске түсірмеу мүмкін емес (1933). Оның сауалнамасы 4 шкаладан тұрады. Мысалы:
Нейротизм (BIN)
өзіне деген қанағаттанушылық (B2S)
интроверсия (B3I) және доминанттық (B4D).
1930 жылдары психологтар жеке тұлғаға арналған сауалнамаларды жасап, өз назарларын факторлық талдауға аудара бастаған. Соның бірі Л. Терстоун мен Джоя Пол Гилфорд (1897-1987) зерттеулері болды.
Аппел (Appel, 1930) баланың салған суреті бойынша (үлгілерді салу, әр түрлі адамдарды жанұясындағы адамдарды қосқанда) олардың суреттеріне түсінік беру арқылы жеке тұлғаны тұтастық тұрғысынан бағалауға болады деді. Сия дақтарын бере отырып берген түсініктерін жазып отырған.
1930 жылдардың ортасында Гарвард университетінде кристиан Морган мен Генри Александр Мюррей (1993-1930) өздерінің зерттеулерін өткізді. Диагностикалық процесдерасын құру кезінде алғашқы рет проекция қағидасына сүйенуді ұсынған өздерінің 1935 жылы «Жеке тұлға зерттеулері» (Исследование личности) атындағы кітабында психология саласындағы проекция қағидасының тұрақтауын аута келе алғашқы проективті тақырыптық апперцепции – ТАТ деп аталады) жасады. Бұны жеке тұлғаны зерттеудегі диагностикалық жаңа құралы ретінде психологтардың қажеттіліктеріне сай пайдалана алады.