Н. С. Жубаназарова психол.ғ. к., доцент м а



бет10/35
Дата06.02.2022
өлшемі148,28 Kb.
#79846
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
5 Психодиагностика

Бақылау сұрақтары:

  1. ХХ ғасырға дейін тест әдістерінің пайда болуы. ХХ ғасырдың басында психологиялық және педагогикалық тесттерді қолдану тәжірибесі. АҚШ-рында тест әдістерінің дамуы.

  2. Әртүрлі ғылыми бағыттарда психодиагностикалық амалдардың шығарылуы. (контент-анализ, проективті әдістер, патопсихологиялық әдістер т.б.)



6 тақырып. Тесттік нормалар


Жоспары:

  1. Тестік шкалардың статистикалық табиғаты

  2. Тесттік нормалар және оларды тексеру.

  3. Диагностикалық нормалардың түрлері: абсолютті, статикалық, критериалық.

  4. Әртүрлі диагностикалық нормаларды қолдану шегі.

Тестік шкалалардың статистикалық табиғаты. Психодиагностикадағы типтік өлшеуіш тест – бұл қысқа тапсырмалар немесе пунктар жүйелілігі, осы жүйелілік орындалып біткен соң сыналынған адамға оның біту жүйесін, сонан соң оның бір мағыналы мөлшерін интерпретациялау (түсіндіру, талдау).
Жеке тапсырмалардан тұратын интеллектуалды тестердегі интерпретация мысалдары: «дұрыс шешім», «дұрыс емес шешім», «жауаптың жоқтығы».
Тесттің жалпы баллы кілттің көмегімен есептелінеді: кілт әр пункқа біткенде сандық белгі белгілейді. Дұрыс жауапқа «+1», дұрыс емес немесе пропуск болса «0».
Барлық процедураның өлшеуінің тиімділігін, дифференциалды мәнін бағалау үшін қате көлемін жалпы баллмен сәкестіру қажет.
Психометрикадағы өлшеу поблемалары және тестің қасиеттері. Физикалық өлшеулерде шкалаларды колибрлеу үлгілі объектілерде бақылау негізінде өлшеу қасеттерін біркелкі түрлендіру жүргізіледі. /Дифференциалды псхометрикада біз индивидтің барын білмей/
Тестің қиындығын не болмаса тест пунктінің күшін тесті өткізіп болған соң ғана білуге болады. «Процентік өлшеу» арқылы қиындығын білуге болады. Процент аз болса сол құрылым қиын болғаны.
Нормалар. Жеке тұлға тестісін стандарттау сонымен бірге, сол нақты “шикі (алғашқы) баға” төмен, жоғары немесе тесттің басқа шикі бағаларына қарағанда орташа болып келтіндігі туралы мәліметті қамтиды. Тесттік нормалар деп аталатын осындай мәліметтер, сыналушылардың бағалары салыстырылатын стандарт болып табылады. Мәселен, сіз отыз сұрақтан тұратын сары уайым (депрессия) шкаласын қолдана отырып, алғашқы 18 (яғни сіздің жауабыңыз 18 жағдайда қағаз бетінде дұрыс жауаптармен белгіленген сары уайымның белгілерімен сәйкес келген) тест нәтижесін алдыңыз делік. Сіз тест нормаларына жүгініп, нәтиженің 75 процентилдерге сәйкес келетіндігін анықтамағанша, 18 деген көрсеткіш бір өзі ешнәрсені білдірмейді. Бұл мәлімет, сіздің бұрын сыналған және нормативті топты құраушы адамдар іріктемелерінің ішінен 75% -на қарағанда, көп дәрежеде басыңқы екендігіңізді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет