2. Тестің сенімділігі мен валидтілігі
Психодиагностикалық тесттің валидттігі және сенімділігі
Тесттің психикалық қасиеті немесе сапасының шынайы деңгейін өлшей алу қабілетін сипаттау үшін валидтілік термині қолданылады. Тесттің валидтілігі бағалауға арналған сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме және т.б.) қандай өлшемде өлшейтінін көрсетеді. Инвалидті яғни валидтті емес тесттер тәжірибелік пайдалануға жарамайды.
Валидтілік және сенімділік – байланысты ұғымдар. Олардың байланысын мынадай мысалдан көре аламыз. Мысалы А және В атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден 90 ұпай, ал В атқышы 100-ден тек 70 ұпай жинады. Яғни А атқыштың сенімділігі 0,90, ал В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы әрдайым бөтен көздемеге атады, сондықтан оның ұпайлары жарыстарда саналмайды. Ал екінші атқыш көздемені дұрыс таңдайды. Сондықтан А атқышының валидтігі нөлге тең, ал В атқышыныңкі 0,70, яғни мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дүұрыс таңдаса, оның валидтігі мен сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені шатыстырып алса, тек дұрыс таңдағаны есептеліп валидтігі сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік аналогы атқыштың дәл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені дұрыс таңдауы болады.
Бір қасиетті өлшеу үшін оқиғадағы белгілі жағдайда тест танылған инвалидтті болады, ал, басқалар үшін валидттілікті көрсетеді. Яғни валидтілікке қажет шарт сенімділік. Сенімді тест валидтті бола алмайды, керісінше валидтті тест әрдайым сенімді. Тесттің сенімділігі валидттіліктен төмен болуы мүмкін емес, керісінше валидттілік сенімділіктен жоғары болуы мүмкін емес.
Қазіргі психометрияда үш негізгі валидтілік бар, 1) мазмұнды (логикалық); 2) эмпирикалық; 3)концептуалды.
Мельников В.М., Ямпольский
Введение экспериментальную психологию
Личности: Учеб. пособие для слушат. ИПК
Преп. пед. дисциплин ун-тов и пед ин-ов.-
М.: Просвещение, 1985.
|
Тест сенімділігі ұғымы, сенімділік түрлері. Тест сенімділігі мен дәлдігінің өзара байланысы. Эмпирикалық дисперсия, ақиқат дисперсия және қателіктер дисперсиясы түсініктері, өлшеу қателігі түсінігі, өлшеу қателігін есептеу. Ретесттік сенімділік, интервалдық шкала және реттік шкала үшін ретесттік сенімділікті есептеу.
Тұтас тесттің және тесттің жеке пункттерінің сенімділігі. Тест пункттерінің өзара сәйкестігі түсінігі. Тұтас тесттің сенімділігі, оны тексерудегі параллельдік формалар корреляциясы процедурасы. Синхронды сенімділікті тексерудегі Кронбах, Кьдер-Рияардсон, Спирмен-Браун әдістері. Тест пункттері сәйкестілігін факторлық аанализ көмегімен тексеру. Тесттің жеке пункттерінің сенімділігі мәселесі. Жеке пункт тұрақтылығын анықтаудағы фи-коэффициенті. Сенімділік. Жеке тұлғаны бағалау әдістеріне қойылатын тағы бір талап, олардың сенімді болуы. Бұл бір тестті екінші рет жүргізу, ұқсас нәтижелер мен бағалар беру керектігін білдіреді. Бағалау әдісінің сандық тұрақтылығы ретесті (ретестовой) сенімділік коэффициентімен анықталады. Ретесті сенімділік коэффициенті екі жағдайдың әрқайсысында бір сыналушылардан алынған нәтижелері арасындағы әдеттегі корреляцияға тең. Сенімділік коэффициенті +1ге жақын болған сайын, тест соғұрлым сенімді болады. Сенімділіктің екінші түрін тесттіңпараллельді түрлерін корреляциялау жолы арқылы анықтайды. Бұл үшін тестті көбіне салыстырмалы екі бөлікке бөледі, содан соң әр жартының жиынтық баллдарын есептейді де сыналушылар бойынша осы екі қатарлы баллдары арасындағы жіберілетін корреляция коэффициенттерін есептейді. Осылай алынған коэффициентті іштей келісілімділік коэффициенті деп атайды. Іштей келісімлілік тесттің іштей тұрақтылығын анықтайды. Егер де тесттің екі бөлігі де жеке тұлғаның бірдей қасиетін зерттейтін болса, онда тақ пункттер бойынша жоғары балл жинаған сыналушылар жұп пункттерден де жоғары балл жинауы керек, сол сияқты тақ пункттен аз балл алғандар жұп пункттен де аз балл жинауы тиіс.
Сенімділіктің үшінші типі бірдей сыналушылар тобында жүргізілген, бір тесттің екі салыстырмалы варианттары арасындағы корреляцияға негізделеді. Егер де осы тест түрінің екеуінде де бірдей бағалар алынса, онда тест сенімділіктің параллельді түрін меңгерген дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда өзара ауыспалы түр арасындағы оң (жағымды) корреляция, тесттің екі пунктінің бір нәрсені зерттейтіндігін көрсетеді.
Сенімділік, бір тест нәтижесін есептеу барысында бір немесе одан да көп эксперттер өзара қандай тұрғыда келісімді болатынына да қатысты болады. Сенімділіктің бүл типі интервью, түс көруді талдау және де сандық бағалауға жатпайтын басқа да ереһкін жауаптар түрі тәрізді қандай да болмасын сапалы әдістерге қатысты мәні төмен.
Эксперттер нақты ережелер мен осындай мәліметтерді талдауға арналған нұсқаулардан тұратын басшылықты пайдаланғанда ғана келісімділік өсе түседі.
Тест валидтілігі түсінігі. Валидтілік пен сенімділіктің ара қатынасы. Валидтіліктің түрлері. Эмпирикалық валидтілік, эмпирикалық валидтілікті жүргізу процедурасы. Конструктілік валидтілік; психологиялық конструкт түрлері. Критерий бойынша валидітілік, оның ағымдық және болжамдық құраушлары. Мазмұндық валидтілік. Конвергентті және дискриминативті валидітілік. Тест пункттерін валидтілік бойынша талдау; валидтелген пункттерді таңдап алу және қиылысқан валидизация жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |