Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІІІ деңгейде сертификаталған жоғары санатты биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы Қысқа мерзімді сабақ



Дата01.04.2017
өлшемі96,37 Kb.
#13103
түріСабақ
Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Н.С.Манаев атындағы жалпы орта

мектебі Коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің ІІІ деңгейде сертификаталған

жоғары санатты биология пән мұғалімі

Хилауова Армангүл Амангелдіқызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Сыныбы: 7 сынып Пәні: Биология Пән мұғалімі: Хилауова А.

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшілер класы. Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Крест өрмекшісі (немесе кез - келген басқа өрмекші.) Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығы.

Сабақтың мақсаты: Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік ету дағдысы және мінез - құлығына тоқталып түсінік беру.

Сабақтың міндеттері: Оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері: Ой шақыру стратегиясы, кластер, Топтық жұмыс.

Сілтеме: «Биология 7 сынып» оқулық, Әдістемелік нұсқаулық, Биология және салауаттылық негіздері журналы, Зоология түсіндірмелі сөздік, «Биология» оқушыларға арналған анықтама. «Қазақстанның жануарлар әлемі », Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.

Ресурстар:,флипчарт,маркер,стикер,кестелер.



Сабақ

кезеңдері



Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін

нәтиже


Бағалау

1.

Ұйымдастыру

3 мин

Психологиялық дайындық.

Оқушылардың ең алдымен көңіл күйлерін білу. Оқушылар өздерінің көңіл күйін смайликтер арқылы білдіреді. Сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.Топқа бөлу.(сурет қиындыларынан мазайка құрау арқылы топқа бөлу)

Бағалау парағын тарату.


Оқушылар өздерінің көңіл күйін смайликтер арқылы білдіреді.

Оқу құрал жабдықтарын дайындайды.

.

Оқушының сабаққа деген ынтасы артады






2

Үй тапсырмасын сұрау

3 мин

Ой ашар”

1.Буынаяқтылар типі дегеніміз не?

2.Шаянтәрізділер класының қанша түрі бар?

3.Шаяндарды зерттейтін ғылым қалай аталады?

4.Шаянтәрізділер қандай жәндіктер?

5.Шаянтәрізділер қандай ортада мекендейді?

6.Өзен шаянының денесі қандай бөліктерге айқын бөлінеді?

7. Баскөкірек деген не?

8.Өзен шаянында қандай мүшелер жүйесі бар?

9.Шаянтәрізділер үшін хитинннің қандай маңызы бар?

10.Шаянтәрізділер немен қоректенеді?

11.Өзен шаяны суда қалай қозғалады?

12.Шаянтәрізділер қалай көбейеді?

13.Шаянтәрізділер немен тыныс алады?

14. Шаянтәрізділердің қандай түрлерін білесің?

15. Хитин деген не?




Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырып бойынша білімдерін шыңдайды.

Оқушы шапшаң, әрі дұрып жауап беруге талпынады.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай

3

Жаңа сабақ


1 мин
10 мин

3 мин


1.Ой шақыру стратегиясы. \\ Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартыпқойғанмұнардай.
/Өрмекші/. “Мағынаны тану” Жаңа сабақ Сабақ жоспары: 1. Өрмекшітәрізділердің негізгі ерекшеліктері, көп түрлілігі. 2.Крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы, тіршілік ортасы. 3. Өрмекшітәрізділердің тіршілік ету дағдылары, мінез-құлығы. 4.Қорытынды. Тапсырма: Оқулықта берілген мәтін арқылы әр топ әңгімелеп береді. І топ: Баяндаушылар (тақырып бойынша баяндап береді) ІІ топ: Сілтеме табушылар (сөздікпен жұмыс) Термин сөздер: Арахнология - өрмекшілерді зерттейтін ғылым Күйісаяқ өрмекшітәрізділер дің І-ші жұп аяғы қысқышпен, iлмекпен аяқталатын бөлік(хелицера) Тұтқы аяқ -өрмекшітәрізділердің ІІ-ші жұп аяғы сезу және қармалау қызметтерін атқаратын бөлік(педипальп) Демтүтік - тынысалу мүшесі. Мальпигий - зәр шығару түтігі. Акарология - кенені зерттейтін ғылым. ІІІ топ: Ізденушілер (өрмекшілер жайлы қосымша материалдар дайындайды) «Өрмекшілер әлемі» бейнеролик

1.Оқушылар ойлану арқылы жұмбақты шешеді. 2.Мәтінге белгі қойып оқиды.

3.Топта талқылай отырып,өз ойларын постерге түсіріп,қорғайды

6.Тақырыпты толықтыра отырып ізденеді.

7.Бақылаушы топ білімдерін толықтырады. 8.Сілтеме табушылар (сөздікпен жұмыс) жасайды. 9.Ізденушілер (өрмекшілер жайлы қосымша материалдар дайындайды)

10. Оқушылар топ болып бірлесе жұмыс атқарады.


Оқушылар жеке өз бетімен ойланады, ойларын айтуға үйренеді. құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді,белсенді тыңдайды Постермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.


Бағалау критерийлерін басшылыққа алады.

Топ басшылары бағалайды.



4

Бекіту

7 мин

3 мин

2 мин
5 мин


Миға шабуыл” топтастыру 1 топ: Бүйі 2 топ: Қарақұрт 3 топ: Қыршаян

Ой дамыту” жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап.



Сергіту сәті «Көңілді күн»

Қызығушылықты ояту” (интерактивті тақтамен жұмыс) жұптық жұмыс. “Ойды түйіндеу” тест жұмысы 1.Бунақаяқтылар өкілі А.Өзен шаяны; Ә.Шаршылы өрмекші. 2.Денесінің бөлімдерге бөлінуі: А.Денесі - бас, көкірек, құрсаққа бөлінген Ә.Денесі – баскөкірек және құрсақтан тұрады. 3.Асқорту мүшесінің ерекшелігі А.Астың қорытылуы организмнен тыс жерде жүреді; Ә.Қорек екі бөлімнен тұратын қарында қорытылады 4.Қан айналым мұшелері: А.Қан айналым жүйесі ашық,қан тамырлары дене қуысына ашылады жүрегі бир бөлімді бес бұрыш тәрізді Ә.Қан айналым жүйесі ашық,қан дене қуысына құйылады. Жүрегі түтікшелі, бір бөлімді ромб пішінді 5.Тәуліктегі белсенді сипаты: А.Тәуліктің жарық кезінде белсенді Ә.Негізінен түнде белсенді 6.Жұмыртқа салуы: А.Аналығы салған жұмырқаларын құрсақ аяқтарына бекітіп одан жас буынаяқты шыққанша өзімен бірге алып жүреді. Ә.Жапырақ арасы немесе ағаш қабығының астына аналықтары жұмыртқа салады. 7.Табиғаттағы рөлі: А.Шыбын,маса және т.б жәндіктердің санын азайтады Ә.Өлекселерді құртып, табиғат санитарлары болып табылады.



Оқушылар сұраққа жауап береді. Сұрақ қояды.
Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеудағдылары дамиды.

Сұраққа жауап береді.Кестемен жұмыс жасайды. Бір-біріне әңгімелеп талқылайды.

Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, кетемен

Тест тапсырмасын орындайды

АКТ пайдалану. Электронды тест.

Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.

Тақырып мазмұнын ұғынады.

Кестемен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

ЖИГСО әдісі арқылы бір-біріне жаңа сабақты меңгертеді.Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады..


Оқушылардың білімдері байқалады. Сұрақ қою дағдысы қалыптасады

Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.

Тақырып мазмұнын ұғынады.

Кестемен жұмыс жүргізуге дағдыланды.





Тапсырма толық орындаған жағдайда 5 ұпай

әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

Дұрыс жауап 1 ұпай


5

6


Қорыту

Бағалау




2 мин

5 мин



Сабақты талқылап қорытындылайды

Кері байланыс



Рефлексия “Екі жұлдыз бір тілек”

Бағалау парақтары.

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.


Ойларын жүйелейді, қорытындылайды, Әр топ мүшесі бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, топ жетекшісі топтағы мүшелерді бағалайды.


.Тақырып мазмұнын ұғынады.

Кестемен жұмыс жүргізуге дағдыланады.




Кері байланыс



7




Үйге тапсырма


1 мин



Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру.



§ 34. Өрмекші өрмегі туралы қызықты материал әкелу. Өрмекшітәрізділерге сөзжұмбақ құрастыру.


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет