Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


З Зире салынған бөлке (орыс.булка с тмином, ағылшын. white bread with caraway seeds) –



бет35/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102
З

Зире салынған бөлке (орыс.булка с тмином, ағылшын. white bread with caraway seeds) – ашыған қамырдан дөңгелектеп күлше жасалады да, майланған табаға бір-бірінен 5-8 см қашықтықта салынып, толық көтерілгенше қойыла тұрады. Әрбір күлшенің ортасы шұңғылданып, көлеміне қарай кеңітіледі, көтерілген соң жұмыртқа жағылып, зире себіледі, май салынып, 260-270° С температурада пісіріледі.

К


Капуста салынған орма (орыс. рулет с капустой, ағылшын. roll with sauerkraut) – ұн мен судан қамыр иленеді. Жарты сағат беті жабылып қойылады да, оқтаумен жұқалап жайылады.
Фарш былай әзірленеді. Жарты сағат беті жажылып қойылады да, табадағы өсімдік майына капуста қуырылып, оған сәбіз, пияз аздап қант қосылады. Дайын болған соң кесіп, тарелкаға салып беріледі.


Капуста салынған қаттама орама (орыс.слоеный пирог с капустой, ағылшын. layer cake with cabbage) – қаттама қамыр әзірленіп,жұқалап жайылады да, орама кептіріледі. Капустаның сыртқы қабаты аршылып,өзегі алынып тасталынады да жіңішкелеп туралады, тұздалып, 30 минут қыздырылады. Содан соң сығылады. Кастрюльге 1ас қасық шыжғырылған тоң май ерітіліп, 1 ас қасық қант қосылады да, 1 минуттай қайнатылады, қант қоңыр түске енгенде тағы да тоң май, ұсақтап туралған пияз, сығылған капуста қосылып, қуырылады. Қуыру үстінде әлсін-әлсін араластырып тұру керек.
Кеберсіген қамырға қыздырылған май жағылып, дайын қоспа салынады да, оралады. Таба мен орама тоң маймен майланады. Орамаға майдың үстіне жұмыртқа жағылады да, қызарғанша пешке пісіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет