Жол бауырсақ (орыс. жол баурсак, ағылшын. jol baursak) – мұны жолаушылар иленген нанды алақандап жұқартып алып, ұзыншақтап үзіп майға қуырады.
Жент (орыс.жент, ағылшын. zhent) – тары жармасына май мен бал қосып жасалған тәтті қоспа; ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарханынан сыйлы орын алған тағам. Аса кәделі дастархан дәмі. Жент шай дастарханына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім – сөк; а) диірменге тартылған немесе келіге салып түйіліп жармаланған сөкке тортасынан айырған сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салыып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталалы. ә) ақталған тарыны немесе оның талқанын қант, ұнтақталған ірімшік салып араластырып, содан соң қазанда қыздырылған жылқының майының үстіне салып, оттың табында араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң, оны ыдысқа салып салқын жерге қояды. Қарынға, бүйенге салынған женттің өзіне тән дәмі мен хош иісі ұзақ сақталады. Қазіргі кезде жентті, ақталған тарыдан және оның талқанынан өнеркәсіп орындары да жасайды.
Жүгері ұнынан пісірілген пешеней (орыс. печенье из кукурузной мукой, ағылшын. biscuits from corn flour) – май, қант қосылып езіледі де, бір жұмыртқа жарып құйылады. Бәрі біртұтас қоспаға айналғанша араластырылып, бір лимонның шырыны құйылады да, қаймақ, ұн және сода араласқан жүгері ұны қосылады. Иленген қамыр 15-20 минут салқынға шығарылып, батон тәрізді етіп ширатылады да, ет тартқыштан өткізіледі. Печенье пешке қойылып, сарғылт түске енгенше пісіріледі.