Жаңғақ қосылған қаттама батон (орыс.батон с орехами, ағылшын. bread with nuts) – 2,5 кесе еленген ұн тұзды су және бір жұмыртқадан қамыр иленеді. Орамал жауып 25-30 минут қоя тұрылады. Содан соң майға бір кесе ұн қосылып,төртбұрышты күлше жасалады. Қамыр оқтаумен жазылып, ортасына төртбұрышталған майлы күлше салынады. Қамыр конверт пішінде бүктеледі де 2 см қалындықта жазылады. Төрт бүктеліп 10-15 минут тоңазатқышқа қойылады. Салқындатылған соң қалыңдығы 1см етіп жазылып стаканмен дөңгелектеп кесіледі. Ортасына жаңғақ қоспасы (қант ұлпасы және даршынмен араластырылған ұсақталған жаңғақ) салынады. Сөйтіп күлшелер қоспа түсіп қалмайтыңдар етіліп оралады, да майланған табаға салынып,бетіне жұмыртқа жағылады.
220-240° С температурада 15-20 минутта піседі. Дайын батон шаңышқыға түйреліп алынып қайнап тұрған балға батырылады. (1-2 минут) да тарелкаға салынып қант ұлпасы себіледі.