Ұсақ пешеней (орыс. мелкий печенье, ағылшын fine pastry) – қантпен араластырылған жұмыртқаны баяу отқа қойып арнаулы құралмен не қасықпен араластыра тұрып, қаймақтың қоюлығындай болғанда от сөндіріледі. Сәл салқындатылып ұн,ванилин ұанты және аздан соң сары май араластырылады, әбден араласқан қамыр майланған металл табаға шағын дөңгелекше етіп салынады. Бетіне қант себіліп 5-6 минут өткен соң 260-280° С температурада пісіріледі.