Дәмді бөлке (орыс.вкусная булка, ағылшын. delicious loaf) – қамыр дайындалады. Дәмдеуіштер ұнтақталып, електен өткізілген соң қамырға илеу үстінде қосылады. Бөлкелер төрт дөңгелектен тұрады: үшеуі үш бұрыш тәрізді етіліп майланған табаға салынады да, төртіншісі үстіне қойылады. Осылайша көтерілген соң жұмыртқа жағылып, 220-2300 С температурада пісіріледі.
Дөңгелек шелпек (орыс.круглый шелпек, ағылшын. round shelpek)– тұзы татыған жылы суға, сорпаға, кейде ақ құйып, қатты илеп, дөңгелетіп жайып, майға қуырылған, күнделікті дастарқанға арналған жайма. Оны ашыған және ашымаған қамырдан да қуыра беруге болады.