Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Нан салма (орыс. нан салма, ағылшын. nan salma)



бет69/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Нан салма (орыс. нан салма, ағылшын. nan salma) – етке салатын 2-3 нан жайманы суға қайнатып пісіріп алады да алдын-ала сары майға қуырылған жұмыртқаны үстіне салып дайындайды.


Нарын (орыс.нарын, ағылшын. naryn) – піскен ет пен қамыр ұсақталып туралып, үстіне сорпа құйылып араластырылған тағам.


«Наполеон» қаттама қаусырмасы (орыс. слоеный пирог«Наполеон», ағылшын. layer cake "Napoleon") – бүктемеге арналғандай қаттама қамырдан қалыңдығы 1,5 см етіп жайылып, аздап суланған металл табаға салынады да, қолмен тегістеледі. Бірнеше жерден тесіп қойылады. 240-260° С температурада 12-15 минут пісіріледі. Дайын қамыр бірдей екі бөлікке кесіліп, бірінің үстіне бірі қойылады да, пышақпен тегістеледі. Түскен бөліктері түйіршікке жұмсалады. Бірінші күлшеге крем жағылып, екіншісімен жабылады да, ооған да крем жағылып, бетіне түйіршіктер, қант ұлпасы себіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет