Үй қаусырмасы (орыс. домашний пирог, ағылшын. home-made cake) – ұн мен маргарин қосылып, маргарин пышақпен кескінделеді де ортасы шұңғылданады. Шұңқырға тұз бен сірке суы араласқан су құйылып, жұмыртқа жарылады да, қамыр иленеді. Иленген қамыр 30 минуттай салқындау жерге қойылады. Содан соң қамыр батон тәрізді формаға келтіріліп, бірдей сегіз бөлікке бөлінеді. Әрбір күлше жұқалап жайылады. Күлшелер температурасы 200-2200 С пеште жеңіл қызарғанша пісіріледі. Салқындатылған күлшелердің арасына кремдер жағылып (біреуі түйіршік етуге қалдырылады) беті таза тегіс тақтаймен жабылып, 4-5 кг салмақты затпен бастырып қойылады. 3-4 сағаттан соң қалған крем жағылып, түйіршіктер себіледі.
Х
Хала (орыс.хала, ағылшын. challah) – ширатылған ұзынша формалы бөлке.
Ч
Чебурек (орыс.чебурек, ағылшын. cheburek) – Иленген қамырдың үстіне фарш салынып, жарты ай секілді қаусырып, майға жүздірілініп пісірілген күлше нан.
Ш
Шайға арналған бөлке (орыс. булка к чаю, ағылшын. roll for tea) – еленген ұнға қант май жұмыртқаның сары уызы, тұз, шарап қосылып, әбден араластырылады, ұзыншалап ширатылып, жаңғақтың көлеміндей етіліп кесіледі.
Сөйтіп майланған металл табаға салынады да, бетіне жұмыртқа жағылып, көкнар себіледі. Температурасы 230-260° С пеште 15-20 минут пісіріледі.
Шайға арналған пешеней (орыс.печенье к чаю, ағылшын. tea biscuit) – бидай және картоп ұнымен сода араластырылып, еленеді. Еленген ұн үйіліп, ортасы шұңғылданады да, оған қаймақ, май, қант, жұмыртқа салынады.
Бәрі пышақпен араластырылып, қолмен иленеді. Иленген қамыр 10-15 минут салқындатылады да, оқтаумен 1 см қалыңдықта жайылады.
Әр түрлі формада кесіліп, майланған металл табаға салынады.
Печенье 240-2600 С температурада 10-15 минут пісіріледі. Табадан салқындаған соң ғана алынады.
Ши бауырсақ (орыс. ши баурсак, ағылшын. shi baursak) – ши бауырсақ қуыру үшін қамыр ашытылмайды.Осы мақсатқа арналған ұнға ас содасы салынып, жұмыртқа жарылып құйылады да, бірден қамыр иленеді. Иленген қамыр ұн себелене отырып, оқтаумен жазылады да, ұзыншалап, жіңішекелей кесіледі. Содан соң қазандағы қызып тұрған майға аударыстырыла отырып, жүздіре қуырылады.
Шәк-Шәк (орыс.чак-чак, ағылшын. chak-chak) – шай дастарқанына арналған тәтті тағам; қант, шикі жұмыртқа, сары май қосылып, жақсылап езіледі де әбден араластырылады. Ұнға сүт немесе су құйылып, тұз салынады да қамыр иленеді. Қазанға май салынып, аудармалай отырып қуырылады.
Шәңгі (орыс. шанги, ағылшын. changi) – тоқаш, күлше.
Шелпек (орыс.шелпек, ағылшын. shelpek) – майға пісірген жұқа нан, шелпек – ашымаған, кейде ашыған қамырдан жұқа жайылған, майға жүздіріп пісірілетін жайма қамыр, олар дөңгелек шелпек, ләйлек шелпек, қатқабат шелпек, май шелпек, қиықша шелпек, сәлде шелпек, бүкпе шелпек, шиыртпақ шелпек, қабарған шелпек, тәтті шелпек, су шелпек он бір түрге бөлінеді. Шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді.
Шиыртпақ шелпек (орыс.шиыртпа шелпек, ағылшын. shiyrtpa shelpek) – қамырға шекер, жұмыртқа, май, ашытқы қосып сүтке илейді. Қамырды бауырсақша есіп арнаулы таяқшаға орап бұранда бейнесіне келтіреді де, қатты қызған өсімдік майына қуырады.
Шүрек (түрк. тілінен сөrәk) (орыс.шурек, ағылшын. shurek) – ашымаған қамырдан пісірілетін шелпек тәріздес нан. Бидай, жүгері, арпа ұндарынан қоламтаға көміп немесе тандырға пісіріледі.
Шоколадты «Жаңалық» торты (орыс. шоколадный торт «Жаңалық», ағылшын. chocolate cake "Zhanalyk") – жұмыртқа қантпен араластырылып, үздіксіз бұлғана отырып, 50° С ыстық су құйылған кастрюльде қыздырылады. Содан соң масса салқындағанша пісіледі. Пісе отырып ұн қосылады, соңынан қыздырылған май құйылады. Сөйтіп, қамыр майланып, ұн себілген табаға біркелкі қалыңдықта орналастырылады. Беті пышақпен тегістеліп, пешке қойылады. Дайын бисквит кесіліп, түсіріп алынады.
Крем дайындалады: жұмыртқа мен қант араластырылып баяу отта 50-550 С температураға дейін қыздырылады. Оттан алынып масса салқындағанша пісіледі. Осы кезде май қаймақтың қоюлығындай болғанша жұмсартылады. Салқындаған жұмыртқа – қант қоспасы майға аз-аздап қосылып,жақсылап араластырылады. Ең соңында қыздырылған май мен коньякқа араластырылған какао ұнтағы қосылады.
Дайын бисквит салқындатылып,екіге бөлінеді де крем жағылады. Бетіне повидло жағылып, шоколадты глазурь құйылады.
Глазурьге қант ұлпасы немесе қантты какао ұнтағы, жаңғақ және қыздырылған сары май майдың азғана бөлігі қосылып, әбден бұлғанады да майдың қалғаны қосылады. Тағы да араластырылады.
І
Ірімшік қоылған дөңгелектер (орыс.круглички с творогом, ағылшын. round with cheese) – ірімшік електен өткізіліп, жұмыртқа, маргарин, қант, тұз, сода, еленген ұн қоспасы, әбден арластырылады да, қамыр иленеді. Қамырдан түйежапырақтың көлеміндей дөңгелектер жасалып, өсімдік майына қуырылады.
Ірімшік торты (орыс. творожной торт, ағылшын. cheese cake) – екі жұмыртқаның сары уызы қант қосып шайқалып, жұмсартылған май, шай қасықтың ұшымен сода (бірнеше тамшы сірке суына тұшытылған) қосылып, әбден араластырылады. Ұн себелей отырып, қамыр иленеді. Күлше пісіріледі.
Ірімшік қоспасы дайындалады. Ірімшік езіліп, жұмыртқаның сары уызы, ванилин, қант қосылады. Жақсылап араластырылып, дайын күлшенің бетіне біркелкі орналастырылады. Үстіне крем жағылады (жұмыртқаның ақ уызы қант пен ванилин қосып көпіргенше бұлғанады). Дайындалған торт кремі жеңіл қызарғанша 15 минуттай духовкаға қойылады.
Ірімшік пен цукат салынған қаусырма(орыс.пирог с творгом и цукатом, ағылшын. cake with candied fruit and tvorgom) – сары май немесе маргаринге ұн қосылып, пышақпен кескіленеді де, қант, жұмыртқа, араластырылып, қаймақ, сода, тұз қосылады. Иленген қамыр бір тәуліктей тоңазытқышқа қойылады.
Ортасына салу үшін ірімшік, қант, сары май қосылып, әбден араластырылады. Жұмыртқа, сүт, ванилин, цукат (мейіз де болады) қосылып, аздап тұздалады. Тағы да араластырылады.
Тоңазытқыштан алынған қамыр жайылып, майланған салқын табаға салынады да жиегі қайырылады(қоспа ағып кетпес үшін). Қыздырылған духовкаға пісіріледі.
Э
Эклер (француз. eclauir) (орыс. эклер, ағылшын eclair) – ортасында кремі (тәтті немесе қышқыл) бар, қайнатпа қамырдан дайындалған және глазурь жағылған торт тілімі.
Әдебиеттер
1 Бейсенбиева К. Ақ босаға. – Алматы: Қайнар, 1988. – 224 б.
2 Касиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары – Алматы: Қайнар, 1977. – 98 б.
3 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет. – Алматы: Мектеп, 2002. – 252 б.
4 Сариев И. Дастархан. – Алматы: Қайнар, 1989. – 118 б.
5 Тілемесов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары – Алматы: Қайнар, 1995. – 172 б.
6 Шай дастарқаны. (Құрастырған З. Башбаева – Алматы: Қайнар, 1994. – 279 б.
Мазмұны
Алғысөз...……………………………………………………................
|
3
|
А...............……………………………………………………................
|
4
|
Б................……………………………………………………................
|
7
|
В...............……………………………………………………................
|
11
|
Г................……………………………………………………................
|
12
|
Д...............……………………………………………………................
|
13
|
Е...............……………………………………………………................
|
14
|
Ж..............……………………………………………………................
|
15
|
З................……………………………………………………................
|
19
|
К...............……………………………………………………................
|
19
|
Қ...............……………………………………………………................
|
25
|
Л...............……………………………………………………................
|
32
|
М..............……………………………………………………................
|
34
|
Н...............……………………………………………………................
|
37
|
О...............……………………………………………………................
|
38
|
Ө...............……………………………………………………................
|
39
|
П...............……………………………………………………................
|
41
|
Р................……………………………………………………................
|
42
|
С...............…………………………………………………....................
|
42
|
Т...............……………………………………………………................
|
47
|
У...............……………………………………………………................
|
50
|
Ұ...............……………………………………………………................
|
51
|
Ү...............……………………………………………………................
|
51
|
Х...............……………………………………………………................
|
52
|
Ч...............……………………………………………………................
|
52
|
Ш..............……………………………………………………................
|
52
|
І................…………………………………………………….................
|
54
|
Э...............……………………………………………………................
|
55
|
Достарыңызбен бөлісу: |