Начальник Э


Нәрестелердің физиологиялық сарыауруы



бет14/14
Дата24.04.2023
өлшемі3,35 Mb.
#175218
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
LПеченьKZ

Нәрестелердің физиологиялық сарыауруы. Бұл жаңа туған нәрестелердің өмірге алғашқы бейімделу кезеңінде байқалады. Оның қалыптасуын бала жаңадан туған соң алғашқы аптада бала ағзасында уридиндифосфоглюкурон қышқылының негізгі қоры ыдырайды және глюкуронилтрансфераза активтілігі стероидтық гормондарды залалсыздандыру үшін (ол аса айқын емес гипербилирубинемиямен салыстырғанда тіршілік үшін өте қауіпті) жұмсалып төмендейді. Стероидтық гормондар бауырда глюкурон қышқылымен қосылысып инактивтелінеді, ал олардың конъюгирленген формалары зәр құрамында шығарылады. Сондықтан, стероидтық гормондардың инактивтелуі жолы бос билирубиннің инактивтелуімен ұқсас болады. Нәтижсінде, ағзада «уридиндифосфоглюкурон қышқылы — глюкуронилтрансфераза» жүйесінде бәсекелестік пайда болады. Ал стероидтық гормондар ағзадан бірінші кезекте шығарылады.
Эстрогендік гормондардың артық мөлшерінің және оның туындыларының зәр құрамындағы экскрециясы қалыпты жағдайда өмірдің 3-5-ші тәулігінде аяқталады. Бұл мерзім гипербилирубинемия дамуы арқылы байқалады. Себебі «глюкурон қышқылы — глюкуронилтрансфераза» жүйесінің стероидтық гормондарды инактивтеу жүйесімен байланысты.
Тек стероидтық горомндардың негізгі қорын шығарған соң бұл жүйе ағзада жиналып қалған билирубиннің артық мөлшерін залалсыздандыра бастайды.
Дәрілік сарыауру. Қан плазмасы альбуминіне билирубинмен бәсекелі байланысу жолымен сарыауруды дамытатын 150-ге жуық дәрілік препараттар белгілі. Олардың бәрі билирубинмен тасымалданатын препараттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет