Сурет 12. Барбитураттың бауырдағы метаболизм. Е1-микросомалық тотығу ферменттері, Е2- глюкоуронилтрансфераза)
• дәрілік заттардың активтілігінің жоғарлауы – метилдену және деметилдену реакцияларының нәтижесінде түзілетін өнімдер (бутадион, метилдофа, норморфин және т.б.). 1. Мысал - метилдену реакциясы (конъюгация реакциясы – ІІ фаза ) :
Метилдофа – гипотензивтік препарат, адреналиндік медиаторлар түзілісін бұзады. Ол 3 – О – метилдофаға айналады.
2. Мысал - деметилдену реакциясы.
Сурет 13. Метидену және деметилдену реакциясының нәтижелері.
Реакция өнімі дезмитилимипрамин – антидепрессант, психикалық ауытқушылықтар кезінде депрессияны басуға аса қабілетті.
• активтілік әсерінің өзгеруі. Мысалы, ипразидтің дезалкилдену реакциясы нәтижесінде изониазидке айналуы.
Сурет 14. Препарат белсенділігінің өзгерісі.
• ағзаға уландырушы әсер ететін метаболиттердің пайда болуы (фенацетин, сульфаниламидтер). Мысалы, фенацетин (қызуды, ауырсынуды, қабынуды басатын препарат) – парафенетидинге айналады. Парафенетидин гемоглобинді активсіз зат метгемоглобинге айналдырады, нәтижесінде ағзада гипоксия дамиды.
Сурет 15. Фенацетиннің улы өнім парафенетидинге айналуы.
Дәрілердің инактивтелуі екі этапта жүреді.
Бірінші этапы – энзиматикалық ретикулумның (микросомалық тотығу) моноксигеназалық жүйесінің ферменттерінің әсерінен химиялық түрлену
а) нитроқосылыстарды қалпына келтіру, RNO2- ———> RNH2,
в) гидролиз – әртүрлі ұлпалардың гидролазалары катализдейді (бауырдың, бүйректердің, ішектердің және т.б.).
Екінші этапы – дәрілік заттардың қандай да бір химиялық өзгерістерге түскен немесе табиғи қалпының коньюгациясы. Глицин карбоксиль тобына, глюкурон қышқылы ОН-тобына, ацетильдік қалдық NH2 – тобына байланысады. Коньюгация реакциясын трансфераза класының ферменттері катализдейді.
Кейбір дәрілік заттардың дозасын, оларды жүйелі түрде қабылдаған кезде жоғарлату қажеттілігінің себебі олардың ағзаға әсерінің өзгерістеріне байланысты. Бұл осы дәрілердің немесе бөгде қосылыстардың монооксигеназалық жүйенің және конъюгация реакциясының ферменттерінің синтезін индукциялауы немесе ингибирлеуіне байланысты. Мысалы, левомицетин, бутадион микросомалық тотығу ферменттері активтілігін ингибирлейді. Монооксидаза ингибиторлары және антихолинэстеразалық препараттар конъюгация фазалары қызметін бұзады.
Дәрілік препараттардың биотрансформациясының жылдамдығы генетикалық, физиологиялық, экологиялық факторларға тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |