Начальник Э


Бауырдағы заласыздандыру механизмдері



бет3/14
Дата24.04.2023
өлшемі3,35 Mb.
#175218
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
LПеченьKZ

Бауырдағы заласыздандыру механизмдері
(биохимиялық биотрансформация механизмі)

Жануарлар ағзасына бөгде заттар тағам құрамында немесе қоршаған ортадан тері және өкпе арқылы түседі. Бұл затттар табиғи (ксенобиотиктер) немесе адамның тіршілігінің өнімдері болуы мүмкін. Олардың көп бөлігі ағзаға, негізінен, жоғары концентрациясында улы әсер береді. Бірақ, ағзада бөгде заттарды биохимиялық трансформациялау жолымен тиімді түрде инактивтеу және шығару механизмдері болады. Бөгде заттарды басқа қосылыстарға айналдыру механизмі қалыпты эндогендік қосылыстар, мысалы, өт пигменті мен стероидтардың ферменттік түрленуіне ұқсас. Биотрансформация негізінен бауырда өтеді және жалпы екі бағыттағы реакциялардан тұрады: - 1.түрлендіру реакциялары (модификация) – бұл залалсыздандырудың І фазасы (стадиясы); -2.конъюгация реакциялары (мысалы, глюкоуронидтену және сульфаттану және т.б.) – бұл залалсыздандырудың ІІ фазасы (стадиясы).


1. Түрлендіру реакциясы. Реакцияның бұл түрі полярсыз молекулаға қызметші топтарды енгізу немесе оның қызметші топтарын түрлендіру жолымен атқарылады. Бұл өз кезегінде, молекуланың полярлылығының жоғарлауын, биологиялық активтілігінің төмендеуін, улылығының төмендеуін жүргізеді.
Бірақ, кейбір жағдайларда бөгде заттар (кейбір дәрілік заттар және канцерогендер) өздерінің биологиялық активтілігін жоғарыдағыдай түрлендіру нәтижесінде туындатады.
Ең маңызды түрлендіру реакцияларына жатқызылады:
гидролиз реакциясы, - эфирлер және пептидтерді гидролиттік ыдырату (гидролиз), мысалы ауырсынуды басатын зат ацетилсалицил қышқылының гидролизі;
тотығу реакциялары - заттарды гидроксилдендіру, эпоксидтік топты енгізу, сульфоксидтерді түзілдіру, дезалкилдендіру, дезаминдендіру;
тотықсыздану реакциялары, - карбонилдік топтарды тотықсыздандыру, азо- немесе нитроқосылыстарды қайта қалпына келтіру, дегалогендеу;
метилдендіру реакциясы, мысалы, катехоламиндердің, норадреналиннің инактивтелуі;
—десульфидтеу реакциясы.
Бұл реакциялар гепатоциттерде жазық эндоплазмалық ретикулумде өтеді. Тотығу реакциясы цитохром Р450 жүйесі арқылы катализделінеді.
Бұл жүйе "индуцибельді", оның активтілігі субстраттар қатысында жоғарлайды, сонан кейін ол әртүрлі субстраттардың метаболиттік трансформациясын атқаруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет