Көбеюi және дамуы. Гидромедузалар тек жынысты жолмен көбейедi, олар дара жыныстылар. Жыныс бездерi (гонадалары) радиальді түтікшелер астында (Thecaphora отряд тармағында), немесе ауыз сабақшасында (Athecata отряд тармағында) орналасады.
Жетiлген жыныс клеткалары су ортасына шығып, сырттай ұрықтанады.
Планула личинкасы сопақша келген, денесi кiрпiкшелермен қапталған, соның қөмегі мен суда бiршама уақыт еркiн жүзiп жүредi де, су түбіндегі түбiндегi субстратқа бекiнiп, оның ауыз тесiгi, қармалауыштары, гастраль қуысы қалыптасып, қос қабатты құрылысты жас гидрополипке айналады. Ол өсiп, жыныссыз көбеюдiң нәтижесiнде гидрант және медузалық бүршiктердi берiп колония құрайды. Сөйтiп теңiз гидроидтi полиптер ұрпақ алмасуы (метагенез) жолымен, яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдiң кезектесiп отыруы арқылы дамиды. Осындай даму кезiнде, құрылысы мен көбею әдiсi жағынан ерекшеленген екi түрлi ұрпақ алмасады. Бiрiншiсi - гидрополиптер, бекiнiп тiршiлiк ететiн, тек қана жыныссыз жолмен көбейiп полиптер мен медузаларды қалыптастыратын формалар. Екiншiсi - гидромедузалар, еркiн тiршiлiк ететiн, тек қана жынысты жолмен көбейiп гидрополиптердi қалыптастырады. Осыған орай гидрополиптiк ұрпақ жынысты жолымен пайда болады да, өзi жыныссыз көбейiп гидромедузаларды қалыптастырады, ал жыныссыз жолымен пайда болған гидромедуза жынысты жолмен көбейiп гидрополиптерге бастама бередi (20-сурет).
Ұрпақ алмасудың биологиялық маңызы - түрлердiң таралуына мүмкiндiк береді.
Классификациясы. Гидроидтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлiнедi: гидра- Hydrida, теңiз гидроидтi полиптер-Leptolida, гидромедузалар-Trachylida, хондрофора - Chondrophora.
20-сурет. Гидроид Obelia-ның тiршiлiк циклі: А-жұмыртқа; Б-планула (личинка); В-гидрополиптiң колониясы (1-гидрант, 2-бластостильден дамыған медузалар); Г-гидромедуза
Гидралар отряды - Hydrida.
Тұщы суларда кең таралған полиптер. Колония құрмай жеке тiршiлiк етiп, жыныссыз және жынысты жолмен дамиды.
Негiзгi өкiлдерi: кәдiмгi гидра - Hydra vulgaris, сабақ тәрiздi гидра - Hydra oligactis, жасыл гидра - Chlorohydra viridissima (клеткаларының iшiнде тiршiлiк ететiн бiр клеткалы жасыл балдырлардың - зоохлореллалардың түсiне байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |