Нағыз көп клеткалылар eumetazoa. СӘулелілер radiata, Қос қабаттылар diploblastica



бет2/11
Дата26.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#182567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1533 9

ГИДРОЗОА КЛАСЫ - HYDROZOA.

Гидрозоа класының 2700 түрлерi белгiлi, теңiздерде, тұщы суларда тiршiлiк ететiн қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары-гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.


Гидрозоа класы екi класс тармағына бөлiнедi: гидроидтылар-Hydroidea және сифонофоралар - Siphonophora.


ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HYDROIDEA

Бұларға жеке немесе колония құрып тiршiлiк ететiн гидроидты полиптер жатады.


Гидра (Hydra oligaсtis) - қарапайым құрылысты полиптiң бiрi. Биiктiгi 1 см-ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрiздi, табанымен субстратқа бекінiп өмiр сүредi. Өзендер мен шалшық суларда жиi кездеседi.
Құрылысы мен физиологиясы. Гидраның денесi эктодерма және энтодерма қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа болады, оны сүйенiш пластинка деп атайды. Денесiнiң бос жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесiгi орналасқан. Ол, энтодермалық клеткала рымен астарланған гастральдық қуысына ашылады.
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлi клеткалардан құралған. Олар: жабынды эптелиальді клеткалары, эпителиальді-бұлшықет клеткалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және нерв клеткалары (18-сурет).


18-сурет. Гидра: I-сыртқы көрiнiсi; II-ұзына бойы кесiндiсi; III-көлденең кесiндiсi; IV-дене қабырғасының бiр бөлiгi; V-эпителиальді-бұлшықет клеткасы; 1-эктодерма, 2-энтодерма, 3-мезоглея, 4-iшек (гастральді) қуысы, 5-эктодермальді эпителиальді бұлшықет клеткалары, 6-интерстициальді клеткалары, 7-атқыш клеткалары, 8-нерв клеткалары, 9- энтодермальді- эпителиальді бұлшықет клеткасы, 10-без клеткасы, 11-ауыз тесiгi, 12-ауыз конусы, 13-бүршiк, 14-табан, 15-аналық клетка (жұмыртқа), 16-аталық гонада, 17- қармалауышы.


Эпителиальді-бұлшықет (мускул) клеткалары цилиндр немесе призма тәрiздi, өзiнiң түбiмен мезоглея қабатына бағытталып, сол жерде өскiншелер түрiнде созылады. Өскiншенiң цитоплазмасы жiңiшке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальді клеткаларының өскiншелерi бiрiгiп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесi тартылып қысқарады. Ал


клеткалардың негiзгi цилиндрлiк бөлiгi бiр қабатты жабынды эпителидi құрайды. Сонымен эпителиальді-бұлшықет (мускул) клеткалары жабынды эпителидiң және жиырылу қызметiн атқарады.
Эпителиальді- бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальді клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады.
Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрiздi, iшiнде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде, қабықшасының өзгеруiнен пайда болған, iшi қуыс спираль тәрiздi оралған жiпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрiздi - книдоциль деп аталатын сезгiш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгiш талшыққа бiр организм тиiп кетсе, онда ол ауытқып, клетканы қоздырады да, капсула iшiндегi спираль тәрiздi жiпше атылып денеге шаншылады. Жiпшемен бiрге капсуланың iшiндегi күйдiргiш немесе улы сұйық зат та қоса бүркеледi.
Жыныс клеткалары аралық (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары - сперматозоидтары ауыз полюсiне, ал аналық-жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальді - бұлшық ет клеткаларының астында жұлдыз пішіндi нерв клеткалары (нейрондар) жатады. Олар өздерiнiң тармақ ұштары арқылы бiр-бiрiмен сабақтасып нерв торын түзедi. Осындай құрылысты жүйенi диффузия типтi нерв жүйесi деп атайды. Гидраларда екi нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тiтiркендiрсе денесi түгелiмен жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетiнен бастап гастральді қуысын түгел iштей астарлап жатады. Энтодерманың негiзiн үш түрлi клеткалар түзейді, олар эпителиальді - бұлшықет, талшықты және без клеткалары. Эптелиальді - бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальді - бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскiншелерi сақина тәрiздi көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесi жiңiшкерiп созылады. Эпителиальді - бұлшықет клеткаларының призмалық немесе цилиндрлiк бөлiгi гастральді қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемiмен гастраль қуысына түскен ұсақ жәндiктердi ұстап, клетканың iшiнде қорытады.
Гастраль қуысына түскен iрi қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың бездi клеткаларынан бөлiнiп шыққан ас қорыту сөлдерiнiң әсерiмен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесiгi арқылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраның ас қорытуы клетка iшiлiк және клеткадан тыс немесе қуыс iшiлiк болып келедi. Осыған байланысты гидраның iшкi қуысы гастраль немесе iшек қуысы деп аталады.
Эктодерма және энтодерма қабатында орналасқан эпителиальды - бұлшықет өскiншелерiнiң жиырылуына байланысты гидра бiр қалыпты қадам басу немесе тоңқалаң асу жолымен қозғалады.
Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялық қабiлеттiлiгi күштi дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет