Нагима 7 желтоқсан 2013 6348



Дата24.04.2017
өлшемі21,97 Kb.
түріСабақ
Ароматты көмірсутектер

  • Нагима

 

  • 7 желтоқсан 2013

 

  • 6348

 

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер.
Білімдік мақсаты: Ароматты көмірсутектердің гомологтары, молекула құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы жаңа білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Циклді ароматты көмірсутектердің гомологтары туралы білімдері мен біліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өзіндік ой - қорытуға, мақсат қоя білуге, іскерлікке, байқампаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру


Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік әдіс, топтық әдіс, СТО технологиясының стратегиялары.
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Балаларға СТО технологиясының бірнеше стратегиясын пайдаланатынымыз хабарланады. Бағалау парағы таратып беремін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ішіне - сыртына стратегиясын пайдаланып, мына көмірсутектер арасынан ацетиленді көмірсутектерді ішіне, басқаларын сыртына теріп жазу.(3 - топқа 3тапсырма беріледі)

Кубизм стратегиясы. Кубтың 6 жағы бар.
Суреттеңіз тапсырмасында ацетилен көмірсутектердің анықтамасы, жалпы формуласы, аталуын, байланыс түрі, гибридтенуі, этиннің формуласы жазылады,
Қолданыңыз тапсырмасында алкиндердің қолданылуы туралы айтылады. Ацетиленді автогендік кесу және пісіруде, пластмасса т. б туралы айтады,
Салыстырыңыз тапсырмасында алкендердің қасиеттерімен салыстырады.
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді тапсырмасында алкиндердің алынуы туралы қорғайды.
Зерттеңіз тапсырмасында химиялық қасиеттерін қорғайды.
Талқылаңыз тапсырмасында алкиндер туралы алған білімдерін қорытындылайды.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.


Сендер ароматты көмірсутектердің өкілі бензолмен таныссыңдар. Бензол туралы не білесіңдер? Неге олар ароматты деген атауға ие болған?
Олардың жалпы формуласымен, анықтамасын және гомолгтарын дәптерлеріне жазғызамын.
Арендердің аталуы мен физикалық, химиялық қасиеттерін, алынуын, қолданылуын слайд пайдалану арқылы таныстырамын.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.


3 - топқа 3 тапсырма беремін оны тақтаға орындатамын.
1, 3, 5 – триметилбензол; 1 - метил, 2 - этилбензол; 1, 3, 5 – триэтилбензол.
Венн диаграммасын пайдаланып, бензол мен толуолдың қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
Бензол
айырмашылығы ұқсастығы Толуол
айырмашылығы
Бензолдың улылығы жоғары, ол тотықпайды, себебі калий перманганаты мен бром суын түссіздендірмейді. Бензолдың нитрленуі концентрлі күкірт қышқылы қатысында жүреді. Жалпы формуласы, бензол сақинасы, физикалық қасиеттері, алыну жолы, мұнай мен тас көмірден алынатыны, қосылу, орын басу реакциясына қатысады. Толуолдың улылығы төмен. Ол оңай тотығады, Калий перманганаты мен бром суын түссіздендіреді. Молекуласындағы метил радикалының әсерінен толуол қалыпты жағдайда оңай нитрленеді.

Интервью стратегиясы.


• Есімі (бензол, толуол)
• Өзін сипаттайтын 2 сын есім(Түссіз, сұйық зат)
• Басқаларға қатысы (броммен, азот қышқылымен, сутегімен, оттегімен, хлормен)
• Жақсы көретін 2 заты(бром, азот қышқылы)
• Басынан өткен 2 сезім (калий перманганаты, бром суы)
• Неден қорқады? (оттегі)
• Қол жеткен табыстар (қолданылуы)
V. Бағалау парағына қарап, оқушыларды бағалаймын.
Үйге: Ароматты көмірсутектер. №5 есеп.
Каталог: uploads -> doc -> 1111
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1111 -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мер-зімі Тілдік материалдар
1111 -> Сабақтың тақырыбы: §17. Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары Сабақтың мақсаты
1111 -> Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері Мақсат
1111 -> Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақ технологиясы: сто құрал-жабдық: слайд, күй, плакаттар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу