7
шығару; 8) Жатып не сүйеніп ұйықтау; 9) Намазда өзгелер
есітетіндей дәрежеде дауыстап күлу; 10) Тіс арасынан түкіріктен
көп қан шығару, т.б.
ДӘРЕТТІҢ СУРЕТ БОЙЫНША АЛЫНУЫ
1)Қолдың жуылуы.
Әуелі, «Ниет еттім дәрет алуға» деп, ниет етіледі. Сосын
«Аъузу биллахи минаш-шайтанир ражим» мен «Бисмилләһир
рахманир рахим» айтамыз. Сосын қолдар білектерге дейін үш
рет жуылады.
2) Ауызға су алыну.
Әуелі, оң қолменен үш рет ауызға су алынып, ауыз
шайылады.
3) Мұрынға су алынуы.
Сосын оң қолмен үш рет мұрынға су жүгіртіліп кеңсірікке
тартылады да сол қолмен сіңбіріліп мұрын тазаланады.
4) Беттің жуылуы.
Екі қолмен үш рет жуылады. Бет,
маңдай шаштың
шетінен иектің астына дейін және екі құлаққа дейін үш рет
жуылады.
5) Екі қолдың жуылуы.
Шынтақтармен бірге әуелі оң қол, кейін сол қол үш
рет жуылады.
6) Басқа мәсіх тартылуы.
Оң қол суланып бастың төрттен біріне мәсіх тартылады
(Негізінен екі қолмен басқа тұтас мәсіх тартқан жақсы.
7) Құлақтарға мәсіх тартылуы.
Екі
қол суланып, шынашақтармен құлақтардың ішіне,
бас бармақтармен сыртына мәсіх тартылады.