8. Азанда, кешке оқылатын дұға: «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелері үш реттен
қайталанып отырады.
9. Қиындық немесе қапалық түскенде: «Яа хай-ю, яа қойюуму бирахматикә астағис».
Мұсылман осы дұғаны оқып жүрсе, тілегін Аллаһ қабыл етер.
10. Дұға қабыл болатын жер мен уақыттар: Таңертеңгі уақытта, түн жарымынан кейін, жаңбыр
жауып тұрған кезде, жел тұрғанда, Арафа күні, Ражаб айының
алғашқы түнінде, жұма күні. Қасиетті Рамазан айының
күндерінде, Құранды Хатым етілген уақытта, Парыз намазынан
кейінгі тілеген дұға, ешкім жоқ жерде оқылған дұға, Аллаһтан
қорыққанынан бүтін жан-дүниесі тітіреніп, көзінен жас аққан
кезде оқылған дұға-тілектер, ата-анасының батасы, ұстазының
батасы, Қадыр кешіндегі дұға, қатты зәбір көрген кісінің
22
дұғасы, жолаушының дұғасы, шәкірттердің дұғасы, т.б. сол
сияқты, Инша-аллаһ қабыл болады.