қалпына келтірілетін энергия көздерімен алмастыруға негізделу
қажет.
Көмірді экологиялық таза пайдалану
- келешекті бағыттардың
бірі болып саналады, алайда, бұл үшін нанотехнология көмегімен
көміртек секвестрациясы мен көмірді пайдалану құнын төмендету
мәселелерін шешу керек болады.
«АҚЫЛДЫ» ЭНЕРГОЖЕЛІЛЕР
Шындығында «ақылды» энергожелілер жасау үшін
АҚШ және
басқа өнеркәсіптік дамыған елдер электр кабельдерінің сапасын
жақсартуға тырысуда. Олар өткізгіштігі жоғары, іс жүзінде энергия
жоғалтпайтын кабельдер көмегімен энергия
сақтау және тасымал-
дау әдістерін түбінен өзгертуге тырысуда. Смолли мұндай жүйені
электроэнергияны сақтау және өндірудің тартылған желісі (гіізітіегі
зіогаде апгі депегаііоп §гЫ) деп атайды. Бүкіләлемдік энергетикалық
желі дәстүрлік массивті отындарды (көмір, мұнай, газ және т.б.) та-
сымалдаудан салмағы жоқ энергияны (электр тоғын сымдар бойын-
ша) тасымалдауға өтуі қажет.
1 1
.
6
-суретте энергия жеткізу жүйелерін
жақсартуы мүмкін сызбалар келтірілген.
Наноматериалдар, мысалы, көміртекті нанотүтікшелер электр
энергиясын
тасымалдау
жүйелерінің
тиімділігін
арттыратын
нұсқалардың бірі болып табылады. Көміртекті нанотүтікшелердің
өткізгіштігі
мыстың өткізгіштігінен
6
есе жоғары. Сонымен қатар
олардың өлшемдерінің өте кіші болуы жерасты коммуникацияла-
рында толып тұрған мыс сымдарын алмастыруда өте маңызды рөл
атқарады. Мысалы, Нью Йорк жерасты коммуникацияларын қазірдің
өзінде
қалжыңдап, әлемдегі ең үлкен мыс қоймасы деп те атайды.
Көміртекті нанотүтікшелер негізіндегі кабельдер жерасты коммуни-
кацияларында әзірдің өзінде пайдаланыла алады және олар үшін жаңа
туннельдерді қазу қажет емес.
Заманауи энергожелілер кәдімгідей ескірді. Олардың негізгі
компоненттері 15-тен 20-ға дейінгі жаста. Энергожелілердің Интер
нет үшін жақсы сапасы болуы, яғни сенімді, жаман ойлы адамдардан
қорғайтын және энергияны сақтай алатын (мысаалы, батареяларда,
механикалық аккумуляторларда, сутектік элементтерде және т.б.) бо-
луы керек.
11.6-сурет. Энергия жеткізу жүйелерін әдістер мен материалдарды
дамыту арқылы әжептәуір тиімдірек етіп жетілдіруге болады.
«Қараңғылану» уақыты кезінде (Солтүстік-шығыс АҚШ мен Ка-
надада 2003 жылдың 14 тамызында болған энергожүйелердің авария-
сы) апта бойы электрэнергиясы көзінсіз қалды.
Тиімді балама линия-
лар болмағандықтан энергияны тарату және тасымалдау толығымен
жойылды. Өндірістік дамыған елдердегі «қарағыланудың» үнемі
қайталанып тұруын (Ұлыбритания, Италия, Канада және Скандина
вия елдерінде байқалған) болдырмау үшін электр энергиясының та-
ралуын және тасымалдау жүйелерін өзгерту керек.
Достарыңызбен бөлісу: