үшін шамамен, 9 гигаватт пайдаланған. Исландияның астанасы -
Рейкьявик толыгымен Исландияны кесіп
өтетін Ортаатлантикалық
жотаның жанартаулық жынысының геотермальді суы есебінен жы-
лытылады. Ол үшін жылыту жүйелері температуралары 80-100 0С
болатын ыстық сулары бар жерасты резервуарларына жалганган. Ал
электр энергиясын өндіру үшін температурасы шамамен 180 0С бола
тын резервуарлар пайдаланылады. Мұндай резервуарлар әдетте, жа-
нартау маңдарында орналасады және
қыздырылган тау жыныстары
ішінде ыстық бу болады. Наноматериалдар көмегімен галымдар мен
инженерлер геотермальді электр энергиясын беру тиімділігін арттыра
алады.
11.5-суретте көрсетілген Күнге қараңыз және оның зор мөлшері
мен Жердің мөлшерін салыстырып көріңіз.
11.5-сурет. Күн тәулігіне адамзат пайдалана алатын мөлшерден өте
көп энергияны өндіреді
Тәулігіне жерге қанша тераватт күн энергиясы түседі?
Шама-
мен 165 мың тераватт, бұл адамға қажетті 10 тераваттан әлдеқайда
көп. Онда
осы энергия қорларын мұнай, газ және көмірдің орнына
қолдануға болатын жолдарын іздестіру ғана қалады.
Алайда, бұл мүмкін бе? Иә да, жоқ та. 2006 жылы АҚШ ша-
мамен 3 тераватт пайдаланған. Адамзаттың
барлық энергетикалық
қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Техас, Оклахом, Канзас, Колора
до мен Нью-Мексико штаттарының территориясын толығымен күн
батареясымен қамту керек болатын еді, бірақ бұл іс жүзінде мүмкін
емес.
Күн энергиясын пайдалану және алу кезіндегі басты қиындық
қандай? Себебі, Күн сәулесі Жердің
бетін әрқашан бірқалыпты
жарықтандырып тұрмайды. Күн энергиясын қараңғы кезде және
бұлтты күндері пайдалану әдістерін табу керек.
Күн энергиясы - АҚШ-тың оңтүстік штаттары үшін болашағы бар
балама көзі. Оның көмегімен электр энергиясына деген қажеттілікті
бүкіл ел деңгейінде жүргізуге болатын еді. Алайда,
АҚШ өкіметі
жыл сайын күн энергиясы алуды зерттеу жұмыстарына шамамен,
100 млн доллардан аз ақша бөледі. Артып келе жатқан энергетикалық
қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өкімет осы және басқа да жаңарып
отыратын энергия көздеріне көп қаражат салуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: