сала пайыздық қатынаспен алғанда басқа
салалармен салыстырсақ
ғылыми-зерттеулерге аз ақша бөледі. Мәселенің мағынасын ескерсек,
бұл көзқарастың төтенше болжамсыз екендігі анық.
Инвестициялар
Интеллектуалды меншік қайдан шығады? Болашақ энергетикалық
мәселелердің шешімі қайдан пайда болуы мүмкін? Болашақта
энергетикалық технологиялар кімнің еншісінде болады? Кімнен энер
гия сатып аламыз? Жақында адамзат баласы барлық осы сұрақтарға
жауап таба алады.
Энергетика
министрлігі жыл сайын шамамен, 10 млн дол
лар ақшаны нанотехнология аймағындағы зерттеулерге жұмсайды.
Алайда, бұл қаржыландыруды біршама арттыру қажет. Кейбір
энергетикалық компаниялар мұндай зерттеулерге қызығушылық та-
нытуда. Мысалы, НаІІіЬигІюп компаниясы
бірнеше жылдан бері бұл
бағытта белсенді зерттеулер жүргізуіп жатыр.
Алайда, АҚШ-тың көптеген энергетикалық компаниялары на-
нотехнологияны белсенді зерттеуге әлі көшкен жоқ. Олар нанотех-
нологияны өздерінің болашақтағы ұзақмерзімді
көркеюінің шарты
деп есептемейді. Кейбір күн батареяларын жасайтын энергетикалық
бірлестіктер келешектегі өзгерістерге дайындалу үшін кішігірім ком-
паниялар сатып алуда. Қазіргі таңда көтеріңкі экологиялық талаптарға
жауап беретін тиімділігі жоғары және төзімді гибридті күн батареяла-
ры жасалынуда.
Күн батареяларын алу әдістерін зерттеу жұмыстары әсіресе,
Еуропада қарқынды жүргізіліп отыр. Себебі Еуропа елдері балама
энергия көздерін зерттеуге үлкен қаражат бөліп отырады. 2003 жылы
Жапония үкіметі нанотехнология аумағындағы
ғылыми-зерттеулер
мен олардың энергетикада пайдалануын зерттеу бағдарламасына 50
млн доллар қаржы бөлгендігі туралы хабарлады. АҚШ және басқа да
көптеген елдердің, әсіресе, Азия елдері үкіметтері бұл бастаманы іліп
әкетіп, келешек энергетикада көш басшы болуға тырысып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: