Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет24/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
Беттік аудан
Нанобөлшектер туралы ойлай отырып, олардың санының 
көптігін ұмытпау керек (біз тіпті, түйреуіштің басындай көлемде 
де миллиарттаған нанобөлшектермен кездесеміз). Көз алдыңызға 
елестетіңізші: біз метал кубын қалыңдығы нанометрге дейін көптеген 
майда бөлшектерге кесеміз. Егер енді оларды қайта қосатын болсақ, 
сол алғашқы қалыптағы кубты аламыз.
Бірақ, затты осылай майдалаудан не ұтамыз? Жауап қарапайым: 
майдалау нәтижесінде 
1015
нанометрлік бөліктер алыну мүмкіндігіне 
байланысты, химиялық белсенді бет кең түрде ұлғаяды. Бастапқы куб 
оның жақтарының аудандарының қосындысына тең бет ауданына ие. 
Кубтарді майда бөліктерге бөлген сайын жақтарының саны көбейеді 
де, ал ауданның көлемге қатынасының өскендігі байқалады. 3.2- 
суретте осындай бөлшектеудің сызбанұсқасы келтірілген.
Диаметрі 1 метр шар тұтас материалдан жасалынған деп 
елестетіңіз, онда оның бетінің ауданы 3м2-тан сәл көп болады. Енді 
оны 
1015
бөлікке кессек, оның бетінің ауданы жуық шамамен 
10
мың 
футбол алаңының ауданына тең болады.


3.2-сурет. Неке жүзігінің өлшемін наноөлшемге дейін кішірейту оның 
түсінің өзгеруіне әкеледі (сол жақта), ал метал кесегінің нанобөлшектерге 
бөлінуі оның химиялық белсенді бетінің қатты ұлғаюына әкеледі
Көріп тұрғаныңыздай, масштаб нанотехнологияда үлкен 
рөл атқарады. 
10
-нан 
100
ангстремге дейінгі ұзындықтағы кесіндіге 
100-ден 1000-ға жуық бөлшектер сыяды. Өте аз масштабқа ауысу
беттің ауданының әсерін ұлғайтады. 3.1-кестеде кейбір наноөлшемді 
нысандардың салыстырмалы өлшемдері келтірілген.
Нысанның ауданының күрт өсуі басқа да әсерлермен байланы- 
сты. Жуырда ақпарат құралдары гамбургерлердің дұрыс дайындалуы- 
на үлкен мән берген. Гамбургерлер үшін ет жұқа қабаттарға кесіледі 
және қандайда бір сәтте барлық кесілген бөліктер бетінің жалпы ау- 
даны бастапқы тұтас ет бетінің ауданына қарағанда үлкен. Тағамды 
дұрыс жасамаған немесе сақтау технологиясы дұрыс болмаған 
жағдайда қауіпті бактериялар (мысалы, ботулизм тудыратын, споро 
түзетін СІозіЫіит Ьоіиііпит таяқшалары) көптеген мөлшері кесілген 
етке оңай түсуі мүмкін (себебі, ауданы лезде өседі) және жаппай 
улануға әкеледі.


3.1-кесте. Кейбір наноматериалдардың өлшемдері
Өлшем
Наноматериал
Барлық үш өлшем < 100 нм
Нанобөлшектер, кванттық 
нүктелер, наноқабықшалар, микро- 
капсулалар, бос денелі наносфера- 
лар
Екі өлшем < 100 нм
Бірқатпарлы көміртекті 
нанотүтікшелер, талшықтар, на- 
носымдар
Бір өлшем < 100 нм
Антикоррозиялық, антиадгезиялық 
жамылғылар нанопленкалар, виру- 
стар
Наноматериалдарды пайдалана отырып, ғалымдар катализатор- 
лар мен детекторлардың сезімталдығын жоғарылату үшін, химиялық 
белсенді ауданды ұлғайтудан ұқсас эффект алуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет