және остеопороз). Биологиялық мембраналардың жоғары дәлдікті тал-
дауын орындау мүмкіндігі биологиялық наносенсорларды ғалымдар
мен инженерлердің тағы да бір қуатты құрылғысына айналдырады.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЧИПТЕР
ДНҚ-сенсорында ДНҚ-ның бір спиральді молекуласы басқа
бір спиральді ДНҚ молекулаларының қоспасының арасында
нуклеотидтердің қосымша тізбектілігін іздеу үшін қолданылады.
Қазіргі уақытта осы әсердің негізінде жаңа биологиялық наносенсор-
лар жасалынуда. ДНҚ-чип, немесе биологиялық чип (биочип), ДНҚ-
ның бетке бекітілген бірнеше қысқа молекулаларына негізделген.
ДНҚ-ның реттелген молекулалары ғалымдарға бірмезгілде мыңдаған
гендерді талдауға мүмкіндік береді. Биочип гендердің биологиялық
маркерлерінің тәртібін және биологиялық үлгідегі нуклеотидтердің
тізбектелуін
зерттеудің
маңызды
құралы
болып
табылады.
Биочиптердің көмегімен алынған нәтижелерді пайдалана отырып,
генетиктер мен дәрігерлер көптеген аурулардың алдын алу үшін
сауықтыру шараларды өңдей алады.
Жаңа наносенсорларды зерттеу, жасау, енгізудің маңыздылығы
9-тарауда аса толық қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: