Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет51/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Беттік керілу
Беттік 
керілу 
терминін 
білмегендердің 
арасында 
саяси 
қарсыластардың қатысуымен өтетін бірлескен жиындар немесе 
ақсүйектердің отырыстарымен байланыстыруға болады. Ғылыми кон­
тексте беттік керілу барлық кезде, біз өсімдік жапырақтарындағы жаңбыр 
тамшысын немесе крем жағылған аяқ киімді көргенде кездеседі.
Беттік керілу сұйық молекулалары өз беті мен жалпы энер-
гиясын азайту үшін бірге жиналуга ұмтылганда пайда болады.
Беттік керілу сұйықтардың бірнеше молекулаларының еркін 
бетінің ауданын минимизациялау есебінде өз энергиясының шығынын 
азайтуға ұмтылуының нәтижесін береді (5.6-сурет).
Егер ойластыратын болсақ, онда кейде адамдар да өздерін 
солай ұстайтындығын түсінуге болады. Көзіңізге аязды қыста жылы 
үйлерінен шыққан бірнеше адамды елестетіңізші. Олардың барлығы 
басын иықтарына тығып алып, еркін бет ауданын азайту есебінен 
жалпы энергия шығынын (қыздырынуға) азайту үшін қолдарын 
қалталарына тығады немесе қолғап киеді.


----------- Беттис кершу
/
5.6-сурет. Судың беттік керілуі білінерліктей күш ретінде байқалуы
мүмкін
Молекулалық деңгейдегі (шын мәнінде молекуладан кейінгі мо­
лекула) сұйықтармен жұмыс істейтін зерттеушілер, беттік керілуді 
ескереді. Микроағыншалы және наноағыншалы техника аса аз сұйық 
қозғалысы ағындарын зерттеуге негізделген. Биологиялық наносен- 
сорлар мен басқа медициналық наножүйлердің жақсы жұмыс істеуі, 
ғалымдар мен инженерлердің жақсы жұмыс істеуі үшін ғалымдар мен 
инженерлерге сұйықтың кішкене үлгілерін жеткізудің тәсілдерін табу 
қажет, мысалы, детектордегі қанның тамшылары.
Тұтқырлық
Бәлкім сіздер «қалың тұман, болмашы пайда сияқты» деген 
сөздерді естіген боларсыздар. Тұтқыр термині кез-келген араласуға 
немесе ондағы орын ауысуға қарсы болатын сұйықтың тығыз күйін 
сипаттауға қолданылады. Өте тұтқыр сұйықтың керемет мысалына 
қарапайым бал, майлы қаймақ немесе атаның дайындаған кетчупын 
жатқызуға болады.
Егер аспаздық үшін тұтқырлық ешқандай мәселе тудырмаса, 
онда нанотехнология үшін ол қосымша қиындық туғызады. Наносен- 
сорларды жобалау және жасау барысында ғалымдар мен инженерлер­
ге зерттелінетін үлгілердің тұтқырлығын үнемі ескеру қажет.
Тұтқырлық сұйықтың тағы бір қасиетімен байланысты, ол -
ламинарлы ағыс. Ламинарлы ағыспен біз ылғи кездесеміз, мәселен, 
стақаннан сүтті төккен кезде. Төгілген сүт бір орында ұсталынып 
тұрмайды, барлық еркін аудан бойымен жайлап ағып кетеді.


Ламинарлы ағыс - бұл белгілі бір багыттагы сұйықтың жеке
молекулаларының үзіліссіз тыныш агысы.
Сұйық ағысының сипаты мен тұтқырлықтың үлгілерді алу және 
олардың орнын сенсорларға қарай ауыстырудың микроскопиялық ка- 
налдарды жобалау кезінде маңызы зор. Себебі ғалымдар мен инже- 
нерлер осы каналдардың бітелуінен қашуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет