пен бірдей толығымен сауыға алатын ауруға айналады. 6.3-суретте
қатерлі ісікті байқаудың және оны тіпті
бастапқы кезеңде емдеудің
типтік жағдайының сызбанұсқасы көрсетілген.
ЧИПТЕГІ ЗЕРТХАНА
Сараптама нәтижелерін бірнеше күн немесе аптада емес,
бірнеше минут ішінде беретін түйреуіш басындай болатын кішкентай
пластикалық чипті елестетіңізші. Таңғажайып секілді ме? Жоқ. Бұл
нанотехнологияның көмегімен болуы мүмкін.
Қабыддағыштык Қатерлі іеікке ңэындырагын қ атерлі КІКПН
адлынгы езгерістер
.4
_____
йк
__________ &________
Туылу
Жастык
Кіршік
Өмір сүру улқыты
6.3-сурет. Қатерлі ісікті емдеудің негізгі факторлары уақыт болып
табылады
Доктор Джеймс Хит (Татез Неаіһ), химия профессоры және Лос-
Анджелестегі (АҚШ) Калифорния штаты Университетінің нанотехно
логия зерттеушісі,
1
см
2
кремнийден жасалған чипке орналастырылған
1 0 0 0
ұяшықты анализаторлары бар қондырғыны жасау үстінде жұмыс
істеп жатыр. Әр чиптің кремний кеуегінің
астында жеке саңылаулы
ұяшықтардың бірнеше қатары бар. Жасушалық мембранаға қосылған
кеуек жасушаның ішкі және сыртқы бөліктерінің арасында канал
қызметін атқарады. Сонымен қатар чипте наносымдардың массиві
тығыз орнатылған (яғни, қалыңдығы бірнеше нанометр болатын ме
талл атомдарынан құралған сызық). Әрбір наносым биомолекулалық
зондпен (ерекше ақуыздармен)
- мысалы, спецификалық ақуызбен
байланысатын - антиденемен қапталған. Осы массивке жалғанған де-
тектормен өлшенетін электр өткізгіштікті өзгерте отырып,
ақуыздар
мембранадан өтеді де, антиденемен байланысады.
Бұл әдісті Хит әріптестерімен бірге асқын торлы наносымды
шаблонның тасымалы (зирег - Іайісе папотоіге рай ет Ігапз&г) деп атады.
Ұсынылған әдісте бір-бірінен
8
нм қашықтықта орналасқан,
диаметрі
8
нм-ге тең жеке жартылай өткізгіш
наноөткізгіштер пай-
даланылады. Басқа зерттеушілердің бұрынғы талпыныстары шама
сы жағынан 2-3 есе үлкен ұқсас чиптерді жасауға әкелді. 6.4-суретте
көбінесе «чиптегі-зертхана» (
1
аЬ-оп-сһір) деп аталатын ойларды
жүзеге асырудың алғашқы біреуінің суреті көрсетілген. Оның аса
үлкен өлшемдеріне назар аударыңыздар.
Басқа зерттеушілер жасушаның қалыпты күйіне жасушаішілік
нанозондтардың әсер ету деңгейін анықтауға тырысып жатыр. Олар
типтік үдерістерді және араласқаннан кейін ғана болған үдерістерді
анықтағылары келеді. Бұл жұмыс аптаның жұмыс күндерінде және,
мәселен, қандайда бір сыртқы факторлардың:
супермаркетке сау-
да жасауға бару, футбол матчына қатысу, фортепианадан сабақ алу,
қонақтарды күту және т.б. кесірінен
қарапайым тәртіп бұзылатын,
демалыс күндері орташа статистикалық отбасының кешкі әрекетін
талдауға үксайды.
6.4-сурет. «Чиптегі-зертхана» ойларын жүзеге асыру мысалы (Нитап
Оепоте Ргодгат бағдарламасы шегінде алынған сурет АҚШ-тың энергети
ка Министрлігімен көрсетілген)
«Чиптегі-зертхана» технологиясын жүзеге асыру үшін баяғыдан
бері электротехникада баспа платаларды дайындау үшін қолданылатын
әдістер пайдаланылуда. Бұндай чиптар сұйықтар мен химикалий үшін
микроскоптық және наноскоптық каналдармен жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: