дар нанобөлшектермен бірігіп, сүйек ұлпаларының зақымданған
бөліктерін берік ету үшін пайдаланылады.
Риверсайд (АҚШ) Калифорния штатындағы Университет
жанындағы наномасштабты ғылым мен инженерия Орталығының ди
ректоры, доктор Роберт Хэддоннің (КоЬеі! Нагігіоп)
пікірінше, остео-
пороз бен сүйек сынықтарын көміртекті нанотүтікшелер көмегімен
емдеуге болады.
Сүйектерді емдеу және регенерациялау кезінде «құрылыс орман-
дарын» жасау үшін бірқабатты көміртекті нанотүтікшелердің беріктігі,
иілгіштігі мен жеңілдігі әмбебап пайдаланатындай етеді. Бұндай типті
наноматериалдар негізінде иілгіштігі мен беріктігі жоғары жасанды
сүйектер, сүйек транспланттарының жаңа типтері
мен остеопорозды
емдеудің жақсартылған әдістерін жасауға болады.
Бұндай интеграцияланған наноматериалдар көмегімен емделу
үдерісі аса икемді және тез, сонымен қатар, әсіресе егде емделушілерде
аз асқынумен өтеді.
Наноуыттылық
Наноматериалдар өздерінің аса ірі өлшемдегі «руластары-
на» қарағанда әрдайым өздерін өзгеше ұстайтындықтан, олардың
жақсартылған қасиеттері, мәселен аса үлкен беріктік немесе электрлік
өткізгіштік әлеуетті қауіп туралы ойға тірейді.
Қазіргі уақытта нанотехнологиялар жүздеген
өнімдерді өндіру
үшін қолданылды. Алайда болашақтары әлі алда, нанотехнология-
лар өздерінің тамаша жолдарының басында тұр, ал олардың саны әлі
өте аз. Әзірше наноматериалдың адам ағзасына зиянды әсері жақсы
зерттелмеген. Бұл ақпаратты жинау кезеңінде
тұрған зерттеудің кең
саласы болып табылады. Алайда АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау
бойынша Басқарманың токсикологтары наноматериалды пайдалану-
мен бірге жүретін қауіптің барлық факторларын талдай бастады және
шығармашылық бағдарламасын өңдеді.
2005 жылдың қазанында Рагіісіе апгі ҒіЬеп Іохісоіоду (бөлшектер
мен талшықтар токсикологиясы) электрондық ғылыми журналында
ғалымдар наноматериалдар тарапынан
адам денсаулығына әлеуетті
қауіптің толық сипаттамасын, оларды жою стратегиясы бар 85 беттік
есепті жарыққа шығарды.
Бұл есепте нанобөлшектердің біздің ағзамызға улы әсеріне басты
назар аударылған. Алайда нанобөлшектердің адамға тікелей әсерінің
бірнеше мысалы ғана белгілі. Есепте нанобөлшектердің құрылымы,
пішіні, бет ауданы, электрлік қасиеті
және жеке бөлшектерге
қарағанда, ағзамен өзгеше әсерлесе алатын агрегаттарды түзу
мүмкіндігі бойынша сипаттамаларының қажеттілігі атап өтілді. Есепте
наноматериалдардың әртүрлі ішкі мүшелерге әсерін тексеру әдістері,
сонымен қатар, нанобөлшектермен тыныс алу, жұтудың немесе тіпті
олармен байланысудың салдарын тексеру тәсілдері ұсынылады.
Есепте нанобөлшектер не себепті биологиялық әсер ете
алатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістер сипатталмайды.
Ғалымдар мен дәрігерлердің мұқият зерттеулер жүргізу
барысының
толық ақпаратын жинаулары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: