анемия сияқты қауіпті ауруларды емдеу үшін
дәрі-дәрмектерді
жеткізудің әртүрлі жолдарын іздейді.
Көп қызметті терапия - бұл адам агзасындагы белгіленген
жерге дәрі-дәрмектерді әртүрлі жолмен жеткізетін емдеу әдісі
болып табылады (мысалы, ауыз қуысы, асқазан немесе қан тамыр-
ларына инъекция жасау арқылы).
Дәстүрлі жеткізу әдісі үшін қол жетімсіз жерлерге дәрі-
дәрмектерді жеткізе алатын нанобөлшектерді жасау үшін нанотех-
нологияларды пайдалануға болады. Науқас
адам дәріні қабылдаған
кезде, бұл дәрі асқазанда өте агрессивті қышқылды ас қорыту орта-
сына түсетіні белгілі. Одан кейін жолда тағы басқа кедергілер тұрады:
жұтылу және ұзақ уақыт қорыту (6.12-сурет). Науқас адамға қажетті
көмек бере алатындай концентрациямен белгіленген жерге жеткенше
сақталатынына ешқандай сенім жоқ.
6.12-сурет. Ас қорыту жүйесі арқылы дәрі-дәрмектердің берілуінің
мысалы
Дәрігерлер көптеген жыл бойы мидың қатерлі ісігін емдеудің
хирургиялық емес әдістерін табуға тырысып жатыр.
Қазіргі
уақытта инжекторлық нанобөлшектердің дамуымен дәрігерлер
мидың ішін хирургиялық жолсыз бақылауға болатын аспаптарды өз
еншілеріне алуда. МРТ және нановекторлардың көмегімен дәрігерлер
ДЧ"И*¥Т>'
Ішск
Қыиікыдаар мен
энзим дерлін агрессівті
аскорыту ортасы
хирургиялық операцияның нәтижесін бағалай алады, мысалы, қатерлі
ісіктің қаншалықты жойылғаны туралы. Қатерлі жасушаларға біріккен
нанобөлшектер компьютер экранында жаңа
жылдық шыршалардағы
шамдардың жарқылы сияқты болып көрінеді. Осылайша, көптеген
дәстүрлі дәрі-дәрмектерді қолданбастан сау ұлпаларды оңай бөліп
алуға болады.
Кейбір аурулар науқастардың өздері
сияқты ерекше сипатта бо-
луы мүмкін, сондықтан олардың сәтті емделуі үшін көпфункциялы
терапияны қолдану керек. Мысалы, кейде дәрі-дәрмектердің ағзаға
түсуін бірнеше күн, ай, жыл бойы өте қатаң бақылау керек болады.
Белгілі бір ауруға емдеудің әсерін тексеру үшін көбінесе компьютерлік
модельдеу және қарқынды тесттер қолданылады.
Жұқпалы бактериялар мен вирустар емделу үдерісінде өзгереді
немесе мутацияланады. Олардың трансформациялану
мөлшері бой-
ынша барлық өзгерістерді бақылау және жаңа дәрі-дәрмектерді
пайдалану маңызды. 6.13-суретте көпқызметті терапияның кейбір
артықшылықтары көрсетілген.
6.13-сурет. Көпқызметті терапия дәрігерлерге аурулардың алдын
алудың немесе емдеудің көптеген жаңа тәсілдерін береді
БЕЙНЕЛЕУ
Аурудың дұрыс диагностикасын жасау үшін дәрігерлердің адам
ағзасының «ішіне қарауға» мүмкіндіктері болуы керек. Нанотехно
логия пайда болғанға дейін ғалымдар мен зерттеуші дәрігерлер ұлпа
биопсиясын жасап және қан сараптамасын алып,
рентгендік және
ультрадыбыстық әдістерді, МРТ және басқа әдістерді қолдануға
мәжбүр болды. 4-тарауда айтылып кеткендей, соңғы 15-20 жыл ішінде
диагнозды көру және анықтауды жеңілдететін,
бірнеше жетілген
әдістер мен аспаптар пайда болды.
Қазір нанотехнологиялық компаниялар мен дәрігерлер жеке мо-
лекулаларды көруді үйрену үшін өз күш-жігерлерін біріктіруге тыры-
суда. Енді бейнелеу ірі нысандарды бақылауға ғана негізделіп отырған
жоқ, мысалы сынық және микрожарақат.
Достарыңызбен бөлісу: