Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет69/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Үкіметтік зерттеулер
Жаңа нанотехнологиялардың уыттылығын зерттеуде ЕРА 
белсенділік танытып отыр.
Бұлагенттікөзініңбірнешежекеғылыми-зерттеубағдарламаларын 
жүргізіп қана қоймай, АҚШ Үкіметінің ғылыми және техникалық 
саясат бойынша Кеңесі, ұлттық ғылым мен техника (§сіепсе апгі 
Тесһпоіоду Роіісу, ^ ііо п а і §сіепсе апгі Тесһпоіоду Соипсіі) нано­
масштабты ғылым мен техника (Капозсаіе §сіепсе, Епдіпеегіпд апгі 
Тесһпоіоду зиЬсоттійее) бойынша шағын комитетімен бірге басқа 
жобаларға да қатысады.
ЕРА-ның Ғылыми-зерттеу қызметі төмендегі бағыттармен бай- 
ланысты:
• Қоршаған ортаны қорғау бойынша зерттеулердің ұлттық 
орталығы қоршаған ортаны қорғауға арналған нанотехнологиянық 
ғылыми 
зерттеулеріне 
көптеген 
миллиондаған 
гранттарды 
қаржыландырды (яғни, суды уытты ластаушы заттардан тазалайтын 
арзан, тез және қарапайым әдістерді өңдеу, ластайтын заттардың жаңа 
жоғары сезімтал сенсорлары, наноматериалдар және жоғары сайлан- 
балы катализаторлардың «жасыл» өндірісі).
• Таңдаулы ғылыми-зерттеу жобалары наноматериалдардың 
мүмкін болатын зиянды әсерін зерттеуге арналады (яғни, олардың 
уыттылығы, айналуы, жиналуы және т.б.).
• Шағын бизнесті қолдау бағдарламалары аясында (§ таіі 
Вшіпезз Іппоуаііоп Кезеагсһ Ргодгат) жаңа наноматериалдар мен 
тазалау әдістерін (мысалы, 
8
ВІК компаниясы беттік ауданы үлкен 
көміртекті наноталшықтар негізінде қозғалтқыштардың, энергия 
генераторларының және кондиционерлердің пайдаланылған газдары- 
нынан ұшқыш органикалық қосылыстар мен диаметрі 3 мкм-нен кіші 
бөлшектерді тиімді тазалайтын сүзгі жасады).
• Бірнеше ғылыми-зерттеу жобалары, көмірсутекті тотықтыру 
үшін «жасыл» балама есебінде наноқұрылымды фотокатализаторлар- 
ды зерттеуге; ауа мен пайдаланылған газдардың тазалығын бақылау 
үшін адсорбенттер, мембраналар мен катализаторлар есебінде на- 
номатериалдарды пайдалануға; олардың өндірісі кезінде аса кіші 
бөлшектердің зиянды әсерін тексеруге бнегізделген.


НАНОКАТАЛИЗАТОРЛАР
Ерітінділердегі нанобөлшектер немесе мембраналармен бірге 
нанобөлшектер ластандырғыш заттардың қозғалуына ғана емес, со­
нымен қатар олардың химиялық дағдарысына да көп ықпал етеді. 
Қазіргі таңда ғалымдар 
каталитикалық реакциялар суды тазарту 
әдістерін әжептәуір арзандата алатындықтан, қоршаған ортаны қорғау 
ісіндегі нанокатализаторлардың рөлін қарқынды түрде зерттеуде.
Мысалы, жерасты суларын пестицидтерден тазалаудың үлкен 
маңызы бар. Алайда жиі ластаушы заттардың әртүрлі типі үшін жеке 
катализатор мен тазалаудың нақты стратегиясы талап етіледі.
Арнайы наноматериалдар тазартуды тездетеді және оны аса 
тиімді ете алады.
Филадельфиядағы (АҚШ) Тэмпл Университетінің химия про- 
фессоры, доктор Дэниэл Р. Стронгин ф ап іеі К. §
1
гоп§т) ақуыздық 
құрылымдарды металл оксидтерінің негізінде нанобөлшектерді 
жобалау және жинауда пайдаланады. Ол мұндай нанобөлшектерді 
қоршаған ортаны қорғау үшін нанокатализатор есебінде қолдануға 
болады деп есептейді.
Стронгин өзінің әріптестерімен бірге қауіпті металдар немесе 
олардан шыққан ерітінділердің қоюлануына әкелетін химиялық реак- 
цияларды олардың жер асты суларында таралуының немесе топыраққа 
іркілуінің алдын ала отырып зерттейді. Ғалымдар улы хроммен экспе­
римент жасай отырып, хроммен реакцияға түсетін нанобөлшектерді 
жасады.
Хром нанобөлшектермен қосылғанда, суда ерімейді және тез 
сүзіледі. Бұл әдіс көл, өзен және бұлақ суларын неғұрлым тиімді та- 
залайды.
Стронгин тобы уытты металдармен әсерлесуге қабілетті басқа 
да нанобөлшектерді жасау үстінде, мысалы, Вашингтон (АҚШ) 
штатының бірнеше жері технециймен ластанған. Өйткені, 1940-1950 
жылдарда ол жерлерге ядролық қалдықтары бар көп қалдық көмілген 
болатын. Уақыт өте келе ол жерлерде жер асты суларын лайлай- 
тын қалдықтар жиналған. Әдеттегі макробөлшектерге қарағанда, 
нанобөлшектер ғалымдарға бұндай ластанудан тиімді құтылуға 
мүмкіндік бере алар еді.


ЛАСТАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ АДСО РБЦ ИЯСЫ
Суды тазартудың қарапайым әдістерінің көмегімен ластағыш 
заттардың үлкен мөлшері жойылғанымен, кейбір уытты қоспадан та­
залау үшін аса тиімді арнайы әдістерді қолдану талап етіледі. Көптеген 
ауыр металдар үшін сәйкес нанокатализаторларды табу мүмкін бол- 
мады, сондықтан ғалымдар өз күш-жігерлерін олардың адсорбция 
әдістеріне бағыттады, мысалы, полимерлер мен нанобөлшектер 
көмегімен.
Күшән суды ластайтын ең көп таралған ластағыш зат болып та- 
былады. Бұл улы химиялық элемент оттегімен, хлормен, күкіртпен, 
көміртегімен, сутегімен, мырышпен, алтынмен және темірмен 
әсерлесе алады да, сондықтан көптеген тау жыныстарымен минерал- 
дарда кездеседі. Күшәннің табиғатта бар болуы табиғи геологиялық 
және жасанды өнеркәсіптік үдерістерде, ауыл шаруашылығы 
қызметінде және т.б. оның қатысатындығымен түсіндіріледі.
Күшән адамның ас қорыту жүйе сіне қауіпті әсер етіп, жасушаларға 
оттектің жетуін қиындатады. Жүрек қызметінің бұзылуы, жүрек 
соғысының жиілеуі, ағару, қатты асқазан ауруы, құсу және сананың 
бұзылуы - күшәнмен уланудың белгісі. Бұл улану қуықтың үлкеюіне 
және тік ішектің қатерлі ісік ауруына алып келеді.
Күшәннің адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі себепті, ЕРА 
оның ауыз суында 
1 0
%-ға дейін болуын қадағалап, стандарттарды 
өте қатты бақылауға алды. Жер шарында адамның күшәнмен ула- 
нуы үлкен мәселе болып отыр. Бангладеш, Үндістан, Мексика, Чили, 
Аргентина, Тайван және Тайландтың 10-нан 40%-ға дейінгі халқы 
ауыз суындағы күшәннан уланған. Ауыз суының күшәнмен ласта- 
нуы үшінші деңгейлі елдерге тән болғанымен, АҚШ-тың көптеген 
су құбырлары 
1 0
%-ға қарағанда жоғары концентрацияда күшәннан 
тұрады. Сондықтан, суды осындай күшән сияқты ауыр металдан 
тазалаудың жаңа технологияларын өңдеу және пайдалану денсаулық 
саласы үшін өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет