Нанотехнологиялар бойынша
халықаралық кеңес
2004 жылы энтузиастар тарапынан нанотехнологиялар туралы
барлық қолжетімді ақпаратты жинап, тарататын Нанотехнологиялар
бойынша халықаралық кеңес (М етайоп аі Соипсіі оп Nапо1есһпо1о§у
- ГСО^) құрылды. Бұл ұйымның мүшелері нанотехнологиялардың
артықшылығы мен кемшіліктеріне баға беруге тырысады (мысалы,
қоршаған ортаға қаупі туралы) және ол туралы ақпаратты таратады.
IС
0
N
нанотехнологиялардың
артықшылықтары
мен
кемшіліктерінің ғылыми тұжырымдары туралы мәліметтер база-
сын құрды. Кеңес бұл мәлімет базасын Райс университеті (АҚШ),
АҚШ-тың энергетика Министрлігімен және химия өнеркәсібінің
өкілдерімен ынтымақтаса қолдау көрсетеді.
ІС О ^ ғ а тек өнеркәсіп орындарының өкілдері ғана емес, АҚШ-
тың
Үкіметтік ұйымдары, университеттері, колледждері және
үкіметтік емес ұйымдары кіреді. Бұндай кең көлемдегі әріптестікте
IС
0
N мүшелері нанотехнологиялармен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік шаралары нақты қауіпті талқылайды және бағалайды, на-
номатериалдарды жасау және қолдану үшін стандарттар мен терми-
нологияларды ұсынады, сонымен қатар, нанотехнологиялар туралы
мәліметтерді таратады.
БОЛАШАҚҚА ҚАРАУ
Кейбір жаңа заттар әзірлеушілер мен тұтынушылар үшін, соны
мен қатар, қоғам мен қоршаған орта үшін қауіп төндіруі әбден мүмкін.
Сондықтан ғалымдар оларды қолданудың қауіпсіздігіне кепілдік беру
үшін, жаңа нанотехнологиялармен байланысты әлеуетті қауіпті ба-
рынша мұқият әрі жан-жақты зерттейді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ластанудың көп жағдайда өлшенеді:
а) жүзден бір бөлігі;
ә) миллиардтан бір бөлігі;
б) кварктың бір бөлігі;
в) триллионнан бір бөлігі.
2. Күшән ... өте жаман әсер етеді:
а) асқорыту жүйесіне;
ә) репродуктивтік жүйеге;
б) жүйкеге;
в) есту қабілетіне.
3. Азот оксиді мен күкірт диоксидінің жоғары болуы адам
қызметінің ... шамасымен түсіндіріледі.
а) 52 %;
ә) 75 %;
б) 95 %;
в)
1 0 0
%.
4. Қоршаған ортаға қауіпті емес химиялық және инженерлік
үдерістер қолданылатын технологиялар қалай аталады?
а) «қызғылт сары» нанотехнологиялар;
ә) микронанотехнологиялар;
б) «жасыл» нанотехнологиялар;
в) ағаш нанотехнологиялар.
5. Технеций - бұл:
а) Вашингтон штатындағы ядролық ескі моладағы ластағыш
зат;
ә) автокөліктің маңдай әйнегін сүртуге қосылатын қосынды;
б) уытты металл;
в) жер асты суларын ластағыштардың көзі.
6
. Уланған тунецте ненің жоғары құрамы бар?
а) күшәннің;
ә) молибденнің;
б) стронцийдің;
в) сынаптың.
7. Табиғи және жасанды наноматериалдардың уыттылығын тек-
серу, олардың әсер ету жолдары мен биологиялық қорлануының ....
үшін маңызы зор.
а) қауіп факторының талдауы;
ә) аяқ-киім өнеркәсібі;
б) аспаздық курстары;
в) мектептегі киім ілетін орын.
8
. Ең болмағанда бір наномасштабтық өлшемі және жоғары
каталитикалық белсенділігі бар заттар қалай аталады?
а) биокерамикалық мембраналар;
ә) ғарыштық нүктелер;
б) нанотұтану;
в) нанокатализаторлар.
9. Қатерлі ісік ауруын қоздыратын химикаттар не деп аталады?
а) антигендер;
ә) лейкоциттер;
б) канцерогендер;
в) энзимдер.
1 0
. IСОN - б ұ л ..... аббревиатурасы (қысқартылған атауы):
а) ІпгіепШгегі С о т т ій е е о£ №і§ҺЬог§ (Келісімшартпен келісілген
көршілер комитеті) ;
ә) ІпгішзіЬіе Соипсіі о£ NапоЬо
1 8
(Наноботтардың шексіз кішкене
кеңесі);
б) ІпсгегііЬіе Саітпезз №§һ{ (Адам нанғысыз түнгі тыныштық);
в) Іпіетаііопаі Соипсіі оп Nапо1есһпо1о§у (Нанотехнологиялар
бойынша халықаралық кеңес).
|