8-ТАРАУ
МАТЕРИАЛДАР
Наноматериалдаререкшеқасиеттергеие.Мысалы,пластмассаның,
металл құймаларының және керамиканың кейбір түрлеріне көміртекті
нанотүтікшелерді енгізіп, алынған
материалдардың қаттылығын,
иілгіштігін және термотұрақтылық қасиеттерін жақсартуға болады.
Наноматериалдарды оңайшылықпен бұза алмайсың. Оларды кескен
кезде наноматериалдар өздігінен «жазылуға» қабілетті және инже-
нерлерге жаңа болашақтар ашады.
Наноматериалдар
көптеген қолданылыстар
үшін
пайда-
лы қасиеттерге ие, бірақ оларды абсолютті жаңа деп айтуға бол-
майды. Өздері бұрыннан қолдана бастаған,
алайда оларды көре
алмағандықтан басқара да алмаған. Мысалға, алтын нанобөлшектер
Орта ғасырларда айнаны бояу үшін қолданылды, ал көміртекті
нанобөлшектер соңғы 100 жылдан бері көлік дөңгелектерінің
беріктілігін арттыру үшін пайдаланылған.
Алхимия
Алхимия - жүздеген
жылдар бұрын ғылым, өнер және
көзбояушылықтың қоспасы болды.
Бір алхимиктер, яғни жақтаушыларының айтуынша, тән өзгерісі
және Жердің дірілін сезінудің арқасында шарықтау шегіне жетіп, ал-
тынды жасай аламыз деген. Ал өзгелері кез-келген металды алтынға
айналдыруға тырысты. Алтынға қол жеткізу үшін олар әртүрлі
пештерді, жүндерді және мұнай, қарамай, күйе және көң тәрізді арнайы
компоненттерді пайдаланды. От қаншалықты қатты жанса, соғұрлым
қажетті реакция жылдам болады деп есептелінді.
Бірақ шындығына
келгенде, алхимиктердің іс-әрекеттері оларды көрушілері үшін жай
ғана әсерлі шоу болатын.
Алхимиктердің пайдаланған ерекше әдістеріне қарамастан,
олар алғашқы химиялық білімдердің негізі болған кейбір ойлар-
ды таба және дамыта алды. Мысалы, алхимиктер, түс
- элементтің
негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады деп дұрыс тұжырымдаған.
Олардың алтынды генерирлеу әдісін табудағы басты мақсаты сары
немесе алтын түстес металды алу болды. Әк, күкірт, сірке қышқылы
және мысты пайдалана отырып, олар алтын түстес заттар алған және
көбінесе оны алтын деп ойлайтын.
Осы ізденістер нәтижесінде алхимиктер ерітінділерді кри-
сталдау және дистильдеуді үйренді, бірнеше
белгісіз элемент және
қосылыстарды ашты.
Қазіргі заманғы зерттеушілер наномасштабы материалдар мен
реакциялардың ерекше физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерін ашуда. Оларды бір
мезгілде теориялық біліммен,
компьютерлік модельдеу және эксперименттер арқылы зерттейді.
Жаңа материалдарды, қасиеттер мен үдерістерді тексеру
нәтижесінде нанотехнологияларды пайдалану туындады. Атомдар
мен молекулалардың (~1 нм) олардың аса үлкен (~100 нм)
дейінгі
өлшемдерінің диапазонында коммерциялық өнімдерді жақсартудың
жаңа тәсілдерін ашуда. Аса масштабты деңгейлермен салыстырғанда,
наномасштаб тағы бір жай ғана деңгей емес, сапалы жаңа деңгей бо
лып табылады. Наномасштабты жүйелер квантты заңдар әлемінде бар
және оларды өте қуатты микроскоптар және басқа аспаптар көмегімен
ғана көруге болады. Енді қияшылардың сүйікті ойыншығы болып
келген кванттық заңдар, нанотехнологиялық зерттеулердің күнделікті
аспаптарына айнала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: