преципитаттардың
өлшемдерін,
пішіндерін
және
құрылысын
анықтауға болады.
Преципитаттар
материалдың
кристалдық
құрылысын
өзгертетіндіктен, бұл оның ығысу беріктігіне әсер етуі мүмкін. Ин-
женерлер практикада қолдану үшін конструкцияның беріктігіне
преципитаттардың осындай әсерін ескеруге мәжбүр.
Бастапқы материалды әртүрлі құрылымдық қабатқа қосқанда
ығысу өзгеруі мүмкін. Көбінесе, қабат қалың болған сайын мүмкін
болатын ығысу соғұрлым қысқа болады.
Балқыманы қосу наномасштабта қосылғандықтан, термиялық
қасиеттері де өзгеруі мүмкін. Енді ғана араласқан материалдардың
арасындағы энергия, әр материалдың ішкі энергиясына қарағанда
жоғары мәнге ие болады. Сондықтан бастапқы материалмен
салыстырғанда наноөлшемді материал аса жоғары немесе аса төменгі
температуралар кезінде балқи алады.
Преципитаттар материалдың термиялық қасиетіне де осылай
әсер етеді, олар балқыманың негізгі материалына қарағанда, аса
жоғары немесе төмен балқу температурасына ие бола алады.
АҚШ энергетика Министрлігі қолдауымен электронды микро
скопия Ұлттық орталығының ғалымдары авиация және автокөлік
өнеркәсібі үшін алюминийдің, мыстың, германийдің және кремнийдің
мүлдем жаңа балқымасын жасады. Бұл балқыма 2219-ға қарағанда,
аса беріктік пен орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, аса кіші пре-
ципитаттарды тығыз таралта алады.
Осылайша ғалымдар материалдардағы наноқосымшалардың
атомарлық құрылымын зерттей отырып, электронды микроскопияның
жаңа әдістерінің көмегімен, материалдардың қасиеттерін наномас
штабты деңгейде бақылаудың жаңа тәсілдерін табады.
Достарыңызбен бөлісу: