Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет90/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

КВАНТТЫҚ СҰРАҚТАР
Нанотехнологияның ғажайыптылығы жүйенің компоненттерінің 
өлшемдерінің 
азайтылуында 
ғана 
емес. 
Ғалымдар 
кішкене 
өлшемдердің көмегімен жартылай өткізгіштер электроникасының 
жаңа сандық деңгейіне шығу және процессорлардың мүлдем жаңа 
буынын жасауға үміттеніп отыр.
Шынымен де, нанотехнологиялар молекулярлық деңгейде 
таң қаларлықтай нәтижелер алуға жағдай туғызады. 3-тарауда ай- 
тылып кеткендей, біртұтас материалды нанобөлшектерге бөлу 
беттік қабаттың ауданын миллиондаған есе арттыруға мүмкіндік 
береді. Беттік қабаттың ауданы үлкейген сайын жоғары реакциялық 
қабілеттілік артады. Наноматериалдар өздерінің біртұтас массивті 
аналогтарымен салыстырғанда жылдамырақ балқиды, тұтанады және


абсорбциялайды. Мысалы, алтын кесегінің массиві химиялық инертті 
болып келеді, ал алтынның наносақинасы катализатор сияқты жұмыс 
істейді.
И ннерттілік 
әлсіз 
химиялық 
белсенділікті 
немесе
белсенділіктің мүлдем жоқтыгын көрсетеді.
Кейбір 
материалдардың 
өлшемдері 
(жарықтың 
толқын 
ұзындығынан аз) кішірейген сайын мөлдірлене бастайды. Осы әсердің 
арқасында ғалымдар жарықты кремний сияқты, мөлдір емес матери­
алдар арқылы бере алатын болды. Ал басқа материалдар аса берік 
бола бастайды. Мысалы, көміртекті нанотүтікшелердің беріктілігі 
мен серпімділігінің өте жоғары болу себебі, олардың атомарлық 
құрылысы алмаздың атомарлық құрылысына сәйкес келуіне байла- 
нысты.
Алайда наноәлемде әлі де көптеген ашылмаған жұмбақтар 
бар. Мысалы, наноматериалдар Ньютонның механика заңдарына 
бағынбайды. Іс жүзінде нанодеңгейде кванттық механика заңдары 
үстем болатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет