Нанотехнологиялар


Квант тық механика (толқындық механика, матрицалық



Pdf көрінісі
бет91/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Квант тық механика (толқындық механика, матрицалық
механика) - цозгалыстың кванттық заңдарын сипаттайтын
теориялық физика бөлімі.
Физиканың бұл бөлімі заттың атомарлық және ядролық деңгейдегі 
тәртібін сипаттайды. Бұл деңгейлерде энергия, импульс және басқа 
қасиеттер үздіксіз емес, макроскопиялық деңгейдегі сияқты дискретті, 
яғни бөлінбейтін бөлік немесе кванттар түрінде өзгеріп отырады.
Ньютонның механика заңдары планеталар қозғалысы мен ба­
скетбол добының ұшу траекторияларын, ал кванттық механика 
заңдары молекула, атом, және наноәлемнің басқа да объектілерінің 
тәртібін сипаттайды. Ньютон механикасы атомдардың тұрақтылығы, 
жоғарыаққыштық және жоғары өткізгішітік сияқты құбылыстарды да 
толық түсіндіре алмайды.
Кванттық механиканың болжамдары ғасырдан астам уақыттан 
бері тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді. Кванттық механика 
классикалық механикамен салыстырғанда, шындығында ғажап 
құбылыстарды түсіндіре алады. Бәрінен бұрын, бұл корпускулалық- 
толқындық дуализм (нанообъектілерде толқындар мен бөлшектерге


тән қасиеттердің болуы) және кванттық шырмалу (бір жүйенің 
шамаларының екінші басқа жүйелерге әсері).
Кванттық механика - заманауи және болашақ электрониканың 
негізі. Оның заңдарын жаңа нанотехнологияларды жасауға қолданылу 
болашақтағы сәттілікке кепілдік болады.
Транзисторлар
1948 ж. Веіі Теіерһопе ^аЬо^а1;огіе8 компаниясында жұмыс 
істейтін америка физиктері Джон Бардин Уоһп ВаМееп), Уолтер Х. 
Браттэйн (Шаііег Н. Вгайаіп) және Уильям Шокли (Щ іііат §сһокіеу) 
транзистор ойлап табылғаны туралы хабарлама жасады. 1956 ж. 
олар физика бойынша «Жартылай өткізгіштерді зерттегені және 
транзисторлық эффектіні ашқаны үшін» Нобель сыйлығын алды. 
(Іс жүзінде бір мезетте және бұл авторларға тәуелсіз Париждегі 
Шгзйпдһоше компаниясының лабораториясында жұмыс істейтін 
неміс ғалымдары Герберт Матар (НегЬегІ Маіаге) мен Хайнринх Вель- 
кер (Неіпгісһ Шгікег) транзисторларды ойлап шығарған.) Содан бері 
транзисторлардың көптеген түрлері жасап шығарылған.
Бардин өз қызметтестері Леон Н. Купер ^ е о п N Соорег) 
және Джон Р. Шриффермен Уоһп К. 8сһіейег) бірге 1972 жылы 
«Жоғарыөткізгіштік теориясын жасағаны үшін» физика бойынша 
Нобель сыйлығын алған кезде, осы күрделі ғылым аймағындағы 
өзінің бірегейлігін көрсетті. Бұл кітапты жазу кезінде Бардин Нобель 
сыйлығының екі мәрте лауреаты болған жалғыз ғалым.
Наноэлектроника негіздерін түсіну үшін компьютердің жұмыс 
істеу принципі туралы базалық мәліметтер алу керек. Транзистор элек- 
тронды дабылдардың реттеушісін электровакумды шамға алмастыр- 
ды. Электровакуумды шамдармен салыстырғанда транзисторлардың 
біраз артықшылығы бар, мысалы, кішкене өлшемімен, төзімділігінің 
жоғарылығымен, арзандығымен және беріктілігімен ерекшеленеді. 
Алғашқы транзисторлар металдармен ұщтастырылған керамикалық 
корпустан тұратын кішкене бөлшек түрінде болған. Мұндай транзи- 
сторды электрлік сызбаның қажетті орнына дәнекерлеп қондырған. 
Ұқсас оқшауланған транзисторлар бүгінгі күннің өзінде де қарапайым 
сызбаларда пайдаланылады және көбінесе күрделі интегралданған 
микросхемалардың ажырамас бөлігі болып саналады. Транзи­
сторлар барлық дерлік электронды құрылғыларда: компьютерлер,


радиоқабылдағыштар, ғаламдық позиционирлеу, космостық және т.б. 
жүйелерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет