р-типті бір қабат п-типті екі қабаттың арасында орналасады немесе
керісінше п-типті бір қабат р-типті екі қабаттың арасында орналаса
ды. Бұл қаббатар толығырақ төменде сипатталады.
Мұндай «бутербродтың» ішкі қабатындағы кернеуді аз ғана
өзгертсе, барлық транзистордағы электр тоғының шамасы өзгеріске
ұшырайды. Сонымен транзистор жылдам электр тоғын аударғыш
ретінде жұмыс істейді. Заманауи компьютерлерде металл - оксид
- жартылай өткізгіш (МОЖ - құрылым) типті құрылым негізіндегі
транзисторлар қолданылады. Осындай микроскопиялық құрылым -
транзисторлардың өте көп мөлшері микрочипті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: