Өрістік транзистор
Жазық транзистор ашылғаннан кейін өрістік транзистор жаса-
лып шығарылды. Оның жұмыс істеуіне аз энергиялы кіруші дабыл
қажет болғандықтан бұл транзситордың басымдылығы жоғары бо
лып келеді. Өрістік транзисторда п-типті жартылай өткізгіш-канал екі
кішкене р-типті транзисторлар арасында орналасады.
п-типтің канал ұштары көзі және ағыны, ал р-типті аймақтың
ұштары тығындар деп аталады. Затворларға кернеу (кері кернеу)
беріліп, п-типті және р-типті жартылай өткізгіштердің шекара-
сы арқылы тоқтың өтуіне кедергі болады. Сонымен, кері кернеу
көмегімен тоқтың канал бойынша өтуін бақылауға болады. р-типті
жартылай өткізгіш - каналы бар жазық транзистор да осылай жұмыс
істейді. Алайда бұл жағдайда кері кернеудің таңбасы қарама-қарсы
болады.
Нанотранзисторлар
АҚШ
Шампэйн-Урбандағы
Иллинойс
Университетінің
ғалымдары 600 МГц жиілікпен жұмыс істей алатын биполярлы
транзистор жасап шығарған. Олар жақында терагерцті бөгетті өтіп,
жоғары жылдамдықты есептеулерде негіз болатын транзистор
лар жасаймыз деп жорамалдап отыр. Мөлшері кішкентай терагецті
микропроцессордың құрамында 25 есе көп транзистор болады, 25 есе
жылдамырақ жұмыс істейді және Репііит 4 чипынан азырақ энер
гия тұтанады. Іпіеі компаниясы осындай чипты нанотранзисторлар
негізінде жасауды жоспарлап отыр.
Индий фосфиді мен галий арсениді негізіндегі өрістік транзи-
сторлар коллектор, база және эмиттерден тұрады. Дәл осындай тран-
зисторда ғалымдар 604 МГц жиілікті және әлемдегі ең жылдам тран
зистор жасаушы атағын алды.
Жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін транзисторлар жоғары
тығыздықты тоқты тасымалдайды және тез қызып кетеді және бұл
кезде кейбір компоненттер балқып кетеді. Жаңа композитті биполяр
лы транзисторлар біраз төмен тығыздықтағы тоқты ұстап тұрады.
Ғалымдар мен инженерлер жаңа материалдар көмегімен жақын
болашақта терагерцті транзисторды жасау ықтималдығын арттыруға
тырысып жатыр. Жылдамырақ транзисторлар соғұрлым жылдам ми-
кропроцессорлар жасауға, яғни мықты компьютерлер мен байланыс,
өндіріс және армияға арналған тиімді электронды жүйелер жасауға
мүмкіндік береді.
|