Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет88/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Микрокапсулалар 
-
бөлме 
температурасында 
кварц
нанобөлшектер және полимерлер немесе тұздардың сулы ерітіндісі
арасындагы реакция нәтижесінде өздігінен жинақталу көмегімен
түзілуі мүмкін.
Микрокапсулалар көптеген жасушалық үдерістерді иницирлеп, 
оларды басқаруға мүмкіндік беретін күрделі биологиялық молеку- 
лалар - энзимдерді оңай тасымалдай алады. Райс Университетінің 
(АҚШ) профессоры Майкл Вонг энзимдердің микрокапсулалар- 
да қабырғалардан шықпай сақталу мүмкіндігін ашатынын, ал 
басқа ұсақ молекулалардың микрокапсулаға енуін көрсететінін өз 
тәжірибелерінде көрсеткен. 8.7-суретте микрокапсулалардың сыртқы 
түрі келтірілген.
Вонгтың айтуы бойынша, микрокапсулалардың дәл осы қасиеті 
басқа молекулалармен химиялық реакцияларында катализ үшін пай- 
далануы мүмкін. Осындай микробиореакторларды химиялық және 
фармацевтикалық өнеркәсіптердің өндірістік үдерістерінде қолдану 
жақсы нәтиже береді.
Осытәріздінаноматериалдарменнаномасштабтықұрылымдардың 
бірегей қасиеттері материалдар ішінде микрокапсулаларға де­
ген қызығушылықтың тасқын тәрізді артуына алып келді. Кейбір 
өнеркәсіптік өнімдерде (мысалы, толықтырғыштарда, жамылғыларда 
және электросызбаларда) наноматериалдардың бірегей қасиеттері 
қолданыс тауып қойды. Нанотехнологияның болашағы орасан зор
бүгіннің өзінде олар өздерінің артықшылықтарын көрсетіп, өндірістік 
үдерістерде, өнімнің таңдаулы құрамаларының артуында және қоғам 
санасына өзгерістер алып келуде.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Бөлшектердің толқындық және корпускулалық қасиеттері 
арасындағы сандық қатынас шамасын атаңыз:
а) ұзындық
ә) миллилитр
б) жарықтық жыл
в) де Бройль толқыны
2. Алтын наноқабықшалардың оптикалық қасиеттері келесі 
шамаға байланысты болады:
а) олардың түзілуі кезіндегі жұтылған жылу мөлшері
ә) алтынның нарықтық бағасы
б) ядро өлшемі мен оның алтын жамылғысының мөлшері
в) тәулік уақыты
3. Пластмасса немесе керамикаға силикатты саз балшық 
нанобөлшектерін енгізу арқылы жасалатын материалдар:
а) нанокомпозиттер
ә) наносақиналар
б) нанотүтікшелер
в) нанокөпіршікпласт


4. Катализаторлар дегеніміз қандай қосылыстар?
а) жер сілкінісін тудыратын
ә) химиялық реакцияны жылдамдататын, алайда химиялық 
жұмсалмайтын және өзгермейтін
б) сазды жерлерде өндіріледі
в) қатуға көмектеседі
5. Микрокапсулалар ішінде нені сақтай және тасымалдай ала­
ды:
а) күн сәулесін
ә) бөдене жұмыртқасын
б) электр энергиясын
в) энзимдер
6. Композиттік наноматериалды ҒоМ ТһипгіегЬіМ жарыс 
автомобиліне пайдалану қызу температурасын шамамен қаншаға 
төмендетті?
а) 10 0С
ә) 20 0С
б) 30 0С
в) 40 0С
7. 
Наносақиналардың 
оптикалық және 
электромагниттік 
қасиеттерін қалай реттеуге болады?
а) радиус пен қалыңдықтың өзгерісі арқылы
ә) тағылған қол арқылы
б) оның диаметрін 3 мм дейін кішірейту арқылы
в) дайындау барысында қысымды реттеу арқылы
8. Наноқабықшаларды дайындау үшін келесі білімдер мен техно- 
логияларды қолдану керек: химия, физика және ...
а) антропология
ә) музыка
б) оптика
в) экология
9. Бөлме температурасында кварц нанобөлшектер және по- 
лимерлер немесе тұздардың сулы ерітіндісі арасындағы реакция 
нәтижесінде өздігінен жинақталу көмегімен түзіле алатын сфералар 
қалай аталады:


а) тапиока
ә) фуллерендер
б) микрокапсулалар
в) бильярд
10. Сұйықтыққа қосқаннан кейін, беттік керілудің азаюы 
нәтижесінде оның өткізуші қабілетін арттыратын зат қалай аталады?
а) идеалды газ
ә) беттік активті зат
б) энзим
в) мусс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет