өлшемін басқара отырып, бұл қасиеттерді өзгертуге болады. Бұл кез-
де олардың көрінетін аймақтағы түстері ғана емес,
сонымен қатар,
жұтылған және шағылған жарық қатынасы да өзгереді.
Наноқабықшаларды алғашқы рет Райс Университетінің (АҚШ)
профессоры Наоми Халас (№ о т і Наіаз) алған. Оларды жасау үшін
әртүрлі ғылым аймақтары: химия, физика, оптика және электро
ника бойынша білімдер мен технологияларды пайдалану қажет
болды. 2001 жылы Наоми Халас өзінің әріптесі Дженнифер Уэст-
пен (Теппі&г Шгзі) бірге медициналық
мақсаттағы наноқабықшалар
жасаумен айналысатын Nапо8рес^^а Віозсіепсез, Іпс. компаниясын
құрады. 8.6-суретте қатерлі ісіктің айрықша орындарына жабыса ала-
тын полиакриламид және антиденелермен
қоршалған типтік алтын
наноқабықшалар көрсетілген.
8.6-сурет. Полиакриламидті гелі бар «галосы» бар наноқабықша
Қазіргі таңда ғалымдар осындай наноқабықшалардың келесі
қолданылу мүмкіндіктерін зерттеуде:
• қанды оптикалық талдау;
• оптикалық көрсету;
• қатерлі ісік және сары дақтың дегенерациялану (көздің жарыққа
сезімтал жасушаларының ауыруы) орталықтарын фотометриялық
аблациялау («қуыру»);
• ағза ішінде дәріні жеткізу;
• оптикалық бақыланатын микроқұрылымды техника;
• биологиялық сенсорлар.
• Сонымен қатар, наноқабықшаларды полимерлі қабықшалардың
фотототығу үдерістерінде ингибитор
ретінде қолдану болжамы да
бар.
Катализаторлар
Көптеген жылдар бойы нанотехнология ғылыми - фантастикалық
туындылар авторлардың жазуы бойынша жеке атомдарға әрекет жа-
сай алатын өте кішкентай жасанды молекулярлық роботтар ретінде
елестейді. Алайда адамдар көптен бері табиғи молекулярлы «монтаж-
шыларды» қолданып келеді және олар катализаторлар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: