Нанотехнологиялар


Беттік белсендізаттар - сұйықтыққа қосқанда, оның беттік



Pdf көрінісі
бет78/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Беттік белсендізаттар - сұйықтыққа қосқанда, оның беттік
керілуін төмендету арқылы сұйықтықтың затқа ену қаиетін
жақсартатын заттар (мысалы, кір жуатын ұнтақ).
Аливасатос өзінің әріптестерімен бірге екі өлшемді стержень 
тәрізді жартылай өткізгіш нанокристалдарды алып және пішіні 
мен өлшемін бақылауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтады. 
Пішінін өзгерту ұстанымы аяғына дейін түсінікті емес, бірақ ол 
сұйықтықтың атомдары мен ББЗ-дың өзара әрекеттесу сипатымен 
анықталуы мүмкін. Осы жағдайларды реттей отырып, ғалымдар 
үлгілері 8.3-суретте көрсетілгендей бірнеше әртүрлі типті нанокри-


сталдарды (созылған өзектер мен шектелген кристалликтерді) өсіріп 
шығарған.
8.2-сурет. Кварцтың нанокристалдары
Сонымен 
қатар, 
ғалымдар 
поляризацияланбаған 
жарық 
шығаратын сфералық нанокристалдарға қарағанда, стержень пішінді 
нанокристалдар өзінің ұзын өсінің бойымен поляризацияланған 
жарық шығаратынын көрсетті. Осы қасиетінің арқасында бұндай на­
нокристалдар биологиялық маркерлер ретінде пайдалануға қолайлы.
Аливисатос әріптестерімен стерженьдердің сәуле шығару және 
жұту энергияларының арасындағы шекара сфераларға қарағанда 
көп екендігін байқады. Бұл қасиет шығарылатын жарықтың бір 
бөлігін жұтатын жарық шығарушы диодтардың сипаттамаларын 
жақсартуға мүмкіндік береді. Нанокристалды өзектерді қажетті 
бағытта тығыз орналастыруға болатындықтан (қоймадағы бөренелер 
сияқты, 8.3-сурет), оларды жарық диодтары мен фотогальваникалық 
элементтерінде пайдалануға болады.
Ғалымдар әртүрлі қайран қалатындай пішіндегі, мысалы, тамшы, 
бағыттағыш және тіпті, рычаг түріндегі нанокристалдарды өсіруді 
үйреніп алды. Мұндай пішінді нанокристалдар әлі өзінің қолданыс 
аясын таппады, бірақ олардың болашақта пайдаға асуы әбден мүмкін. 
Мысалы, рычаг пішініндегі тетрапод типті құрылымдарды (8.4-сурет) 
наноэлектроникада дәнекер ретінде қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет