өзара байланысты. Кванттық нүктенің өлшемінің өзгеруі энергия
деңгейлерінің айырымын өзгертеді, ал ол өз кезегінде шығарылатын
жарықтың ұзындығына, яғни сәуленің түсіне әсер етеді. Бұл сәулелену
түсі мен кванттық нүктенің өлшемінің өзара байланысы наномас
штабты әлемнің сипаттауыш қасиеті болып табылады.
Кванттық сым және кванттық шұңқыр кванттық нүктенің балама-
лары болып табылады, бірақ олар электронның қозғалысын сым үшін
(тар ұңғы бойымен сияқты) екі өлшемі бойынша және шұңқыр үшін
(құдық қабырғасы бойымен сияқты) бір өлшемі бойынша шектейді,
ал нүктеде ол үш өлшемі бойынша шектелген (тордағы сияқты).
Электрондардың қозғалысы де Бройль толқын ұзындығымен шама-
лас арақашықтықпен шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: