Нанотехнологиялар


Қоршаған ортаны қорғаудағы нано­



Pdf көрінісі
бет66/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қоршаған ортаны қорғаудағы нано­
технология
Кейде 
қоршаған 
ортаның 
ластануы 
соншалықты 
көп 
болғандықтан, тіпті ол түзеуге келмейтіндей болып көрінеді. Көпшілік 
баяғыдан бері заттардың ағымдағы жағдайымен көнген. Алайда нано- 
технологияны зерттеушілер бұған қарсы амалдың барына сенеді.
Материалдарды атомдық және молекулалық деңгейде жоба- 
лау және оларды басқару ғалымдардың алдында қоршаған ортаны 
қорғаудың жаңа әдістерін жасау үшін үлкен мүмкіндіктерді ашады. 
Наноматериалдардың ерекше қасиеттері энергия өндірісінің әдістерінде, 
оның тиімді пайдаланылуы, суды пайдалану және қоршаған ортаны 
қалпына келтіруде сезінерліктей артықшылдық бере алады.
Көптеген ағымдық жобалар
микроағыншалы жүйелерде 
нанобөлшектердің орын ауыстыруын қосқанда, нанобөлшектердің 
биологиялық жүйелермен 
өзара әсерлесу сипатын зерттеуге 
бағытталған. Зерттеулер ластаушы заттардың әртүрлі түрлерінің 
қалайша наноматериалдармен байланысатындығын, жер астындағы 
суларда олармен тасымалданып, биологиялық жасушалармен өзара 
әсерлесіп және оларды жоятындығын анықтауға тырысуда.
Суды тазарту
Судың адамзат үшін өмірлік маңызы бар. Қалдықтармен 
ластанған су денсаулыққа қауіпті әсер етеді. Таза суға қол жеткізу
жергілікті әскери қайшылықтары бар және жиі табиғи апаттар бо­
латын дамыған елдерде, аштыққа қарағанда, аса үлкен мәселе бо­
лып табылады. АҚШ-та тазалығын арттыру мақсатында ауыз суды 
пайдаланудың стандарттары бірнеше рет қаралған болатын.
Тұрғын халықтың өсуі, ауыл шаруашылығын қарқынды 
жүргізу ылғи өсіп отыратын таза суды тұтынумен байланысты, 
сондықтан оны тазалауда жаңа әдістерді іздеу аса өзекті мәселе бо- 
лып табылады. Наноматериалдарды пайдалану суды тазалау үшін 
қолданылатын бар және мүлдем жаңа технологиялар мен материал- 
дарды жасауға көмектесуі мүмкін. Нанотехнология көмегімен электр 
энергия қоры жеткіліксіз қашықтағы аймақтарға суды жеткізу және 
өңдеу тәсілдерін жетілдіруге болады.


Арнайы жасалған наноматериалдар қоршаған ортаны қорғау 
және суды пайдалану бойынша көптеген мамандарға аз танымал жаңа 
нәрсе болып табылады.
Алайда жағдай ақырындап жақсы жаққа өзгереді. Суды өңдеудің 
ары қарайғы қауіпсіз, арзан және тиімді әдістерінің арқасында 
бұрынғы дәстүрлі практикалық тәсілдер ақырындап өзгеріп жатыр.
КЕРАМИКАЛЫҚ МЕМБРАНАЛАР
Әртүрлі өлшемдегі мембраналар мен фильтрлер заттарды бөлу 
үшін қолданылады. Өздерінің қасиеттерінен тәуелді оларға бұл 
жұмысты айнымалы жетістікпен орындауға мүмкіндік бар.
Ультрафильтрлеу 
барысында 
молекулалық 
салмағы 
кіші 
компоненттердің кеуек арқылы өтуіне ықпал ететін мембрананың бір 
жағынан жоғары қысым жасалады. Сонымен қатар, аса ірі молеку- 
лалар мембрана бойымен ғана орын ауыстыра алады және өздерінің 
өлшемдерінің кесірінен кеуек арқылы өтпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет