Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет56/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Микроағынды 
техника -
бұл 
әртүрлі 
жасушаларға
сұйықтарды тасымалдау үшін микро және наномасштабты ка-
налдарды жасау тәсілдерін зерттейтін шыгармашылъщ саласы.
Чиптегі-зертхана» технологиясы жай технологияларға қарағанда 
жылдам, арзан және дәлірек болып келеді. Сонымен қоса, бұл 
кішкентай ғана чиптерді бір мезгілде бірнеше тестерді орындау үшін 
жобалауға болады. 6.5-суретте бір мезгілде бірнеше тестерді орын- 
дайтын типтік «чиптегі- зертхананың» сызбанұсқасы көрсетілген.
6.5-сурет. «Чиптегі-зертхана» технологиясы сараптамадан өтетін аз 
ғана сұйықтың көлемі үшін тесттердің санын және олардың сезімталдығын 
көбейтуге мүмкіндік береді
Нанотехнологияның ерекшелігі, олардың өте үлкен емес арнайы 
жүйелер жасауға мүмкіндік беруі болып табылады. 6.5-суретте тек 16 
анализатор көрсетілген, бірақ «чиптегі-зертхана» әртүрлі химиялық 
қосылыстарды және олардың туындыларын тестілеу үшін жүз және 
тіпті мыңдаған анализаторлардан тұруы мүмкін. Осылайша «чиптегі- 
зертхананың» көмегімен емделуші мүмкін болатын химиялық 
заттардың барлығына байланысты бір әмбебап тестіден өте алады. Ол


үшін көптеген сараптамалардан өтудің кезегінде тұрудың қажеті жоқ.
Наномасштабты «чиптегі-зертхана» олардың ағымдағы күйлерін 
анықтау үшін, инфекциялы және де басқа аурулардың бар-жоқтығын 
анықтау үшін биологиялық үлгілерді араластыруға, бөлуге, тестілеуге 
және өңдеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен жасушалардың өзара 
әсерлесуін бақылауға болады: белгілердің берілуін, энзимдердің 
жұмысын және қоректік заттардың жеткізілуін, жасушалық өнімдердің 
түзілуін және басқаларды. Бір жасушаның бір «суретінің» орнына 
ғалымдар бірнеше жасушаның қалай өмір сүретіндігі жайлы «фильм» 
түсіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет