Наралиева Рахила Турсыновна, ҚазҰУ-дың аға оқытушыcы



Дата22.08.2017
өлшемі54,87 Kb.
#23949
Наралиева Рахила Турсыновна,

ҚазҰУ-дың аға оқытушыcы


Онлайн оқыту жүйесі – білім алушының өзін-өзі өсіру мен тұлға ретінде дамыту курсы
Қашықтықтан оқыту жүйесі отандық білім беру саласындағы инновациялық бағыт болып табылады. Алайда бүгін ғана пайда болған үдеріс емес. Қашықтықтан оқыту үдерісі қазіргі уақытта қанатын кең жайып келе жатқан жаңа бағыт. Осы бағытта біздің университет те қарқынды жұмыс істеуде. Арнайы департамент құрылған. Бұл департамент әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, МООК-тің өзіндік бағдарламасын жасаған. «МООК – это новый способ удовлетворить потребности в образовании» [1,1] атты айдармен әртүрлі мамандық салалары және жекелеген пәндер бойынша ашық онлайн курстар жүйесі университет сайтында ұсынылған. онлайн курсты ұйымдастырушылар, қашықтықтан оқу бағдарламасын жасау жұмысы 2013 жылдан басталған, оқу үдерісіне 2015 жылы енгізілді дей келе, онлайн курстарды дайындауға тілек білдірген, оқуға сұраныс білдірген адамдарға техникалық және әдістемелік көмек көрсетуге және келелі кеңес беруге әзір екендігін мәлімдеп, мекенжайларын көрсетіп қойған. Онлайн жүйеге географиялық мекенжайына тәуелсіз кез келген жерден тіркеліп, қалаған курсын оқи алады. Қашықтықтан оқыту жүйесі – бұл бұрынғы сырттай оқу бөлімін толықтай алмастыра алатын және мазмұнды білім бере алатын қолайлы жүйе. Сондықтан да уақытын ағымынан қалмау үшін біздің факультетке өте қажетті жүйе. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесі қарқынды түрде дамып келеді. Себебі оқу орындарынан қай жерде, қандай шалғайда тұрсаң да, кез келген пән бойынша толыққанды білім алу үлкен мәселе емес. Онлайн оқыту саласының дәстүрлі оқыту жүйесінен өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, білім алушы жеке дара оқи алады, белгіленген уақытта, қатып қалған сабақ кестесі бойынша емес, қалаған кезінде, бос уақытында оқи алады, тілек білдірушілердің – оқығысы келетіндердің бәрінің қол жететін оқу жүйесі, әлеуметтік жақтан өзге білім алушылармен бірдей тең құқыққа ие. Біріншіден, тыңдаушы шалғайда тұрып та, білімнің қажетті ресурстарын пайдалана алады, сонымен қатар оқытушымен тікелей байланыса алады, оқу барысында түсінбеген сабақтың тұстарына қатысты сол сәтте-ақ сұрақтарын қоя алады, оқуға қатысты туындаған түйткілді мәселелерді бірлесе отырып шеше алады. Сабақты онлайн және офлайн түрде ұйымдастыруға болады. Мысалы, қыс кезінде еліміздің кейбір аймағында табиғаттың қаталдығына байланысты және тағы да басқа себептермен мектептерде оқу кейде уақытша тоқтатылып қалатыны баршамызға аян. Осындай кездерде де сабақты үзбей онлайн жүйесімен оқытуға болар еді. Әрине, бұл үдеріс, мемлекет пен билік тарапынан материалдық-моральдық тұрғыдан қолдауды қажет ететін шара.

Онлайн оқыту жүйесін тиімді түрде пайдаланып жүрген білім ордаларына тоқтала кетсем, мысалы, республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мен оның филиалдары болып табылады. Мұғалімдердің біліктілікті арттырудың үш айлық курстың екі айы күндізгі оқыту үдерісі және бір айы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Үш айлық курсты табысты бітіргендерге сертификат беріледі.Сонымен қатар Ресейдің технологиялық университетінің Қазақстандағы филиалы да оқу барысын қашықтықтан оқыту жүйесімен жүзеге асырады. Студенттер апта немесе ай сайын бір рет онлайн жүйеде алған білімдері бойынша тапсырма орындайды, сынақтар тапсырып отырады. Оқу курсы толық аяқталған соң емтихан тапсырады.

Бұл оқу үдерісінде жекелеген және жалпы пәндерден білім алумен қатар білім алушы өзінің білімін тереңдете отырып, өзін-өзі өсіру, жеке тұлға ретінде дамыту мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Онлайн оқытудың басты ерекшеліктері: 1)оқытудың онлайн форматы, 2) рактикаға бағытталуы,

3)өзіндік ізденіске жетелейтін бағдар беруі болып табылады.



Онлайн оқыту жүйесінің дәстүрлі оқыту саласынан артықшылықтарына тоқталсақ, адам жас ерекшелігіне қарамастан өзінің мүмкіндігіне қарай және қалауына қарай таңдаған пәні, мамандығы бойынша білім ала алады.

Онлайн оқытуда адам бойындағы әлдебір ерекшеліктеріне қарамастан шектеусіз білім ала алады. Меңгере алмаған тақырыбын өз қалауынша бірнеше рет қайталап оқиды.

Онлайн оқыту. Адам қалауына қарай: кез келген уақытта, кез келген жерде оқи алады, тек ғаламтор ғана қажет. Арнайы бейімделген сайт ресурсы білім алушының қондырғысының рұқсатымен орналастырылады және сан алуан дидарлармен/дисплейлермен қолайлы жұмыс істеуді жүзеге асыра алады.

Онлайн оқытуда қалай оқитыныңызды өзіңіз шешесіз. Жеке дара оқуыңызға немесе топталып бірге білім алуыңызға болады. Жеке дара оқу жүйесінде оқытушы тек сізбен ғана тікелей жұмыс істейді, оқудың жоспары тек бір ғана адамға бағытталады, ешкімнен де қысылып-қымтырылмай көкейіңізде туындаған мәселелеріңізді ашық айта аласыз. Сонымен қатар бірлесіп оқу жүйесінің де өзіндік басымдықтары бар. Басқа білім алушылармен бірге оқи отыра, олармен қарым-қатынасқа түсесіз. Басқа сабаққа қатысушылардың көмегіне жүгіне аласыз. Бір-біріңізге көмектесіп, алған білімдеріңізбен алмаса отырып, бір-біріңіздің біліміңіздің деңгейін бағалай және өзгелермен өзіңіздің нәтижеңізді салыстыра аласыз.

Қашықтықтан оқыту жүйесі басты екі сала бойынша жүзеге асырылады. Онлайн және оффлайн жүйелері бойынша оқу бағыты ұйымдастырылады. Енді осы екі оқу жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталсақ. «Онлайн» термині ағылшын тілінің «to be on line» – желіде болу деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан[2,52]. Бұл термин ғаламтор жоқ кезде-ақ, яғни компьютер коммутаторлық телефонмен немесе желілік модем қосылатын уақытта пайда болған. Бұндай электронды (BBS) тақтаға осылайша қосылып, өздеріне жіберілген хабарламаны оқып, оған жауап беретін және пікір алмасатын еді. Байланыс үзілген жағдайда (BBS) тақтасын пайдаланушылар оффлайн жағдайына ауысатын.

«Онлайн» термині барлық жағдайда екіжақтың тікелей байланысуы, пайдаланушылардың ғаламторда ашық қарым-қатынасқа түсуі болып табылады, ал оффлайнда бұндай мүмкіндік жоқ.

«Оффлайн» термині де ағылшындардың «off line» сөзінен шыққан, мағынасы желіден үзілген, автономды деген мағынаны білдіреді. Мысалы, оффлайн – перифериялық қондырғы, ол пайдаланушының компьютеріне қосылмаған. Бірақ сайттың қажетті ақпаратын, парағын өз компьютеріне сақтау арқылы, ғаламторға кірмей-ақ, автономды – оффлайн жүйеде қолдануға болады. Арнайы оффлайн-браузерлер бар, бұндай браузерлер сайтты толығымен жүктеп алуға мүмкіндік береді. Оффлайн түрінде оқыту дегеніміз – сабақты алдын-ала жазып дайындап, сайт салып қою.

Екі оқу саласының да өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары бар.. Артықшылықтары онлайн жүйеде екіжақ та: оқытушы мен білім алушы тікелей байланыста болады, мәселелер бірден талқыланады, тапсырмалар тікелей беріледі, қиындығы тікелей жүзеге асатын болғандықтан екі жақтың бірі абыржуы мүмкін, сабақтың құрылымын жоспарлағанмен, алдын-ала барысын сараптап тексере алмайсың, осылайша кейбір факторлар сабаққа нұқсанын тигізуі мүмкін. Онлайн жүйесі әрқашан ғаламтордың болуын қажет етеді. Ғаламтор жоқ жерде оқи алмайсыз. Оффлайнның артықшылығы ғаламтордың үнемі болуын қажет етпейді. Оффлайн сабақ алдын-ала дайындалады, сондықтан ұйымдастырудың барлық сәттерін ұтымды ету мүмкіндігіне ие, алайда, байланыс тікелей емес.

Ауызекі сөйлеу тілінде оффлайн түрінде талқылайық деген – жүзбе-жүз кездесіп сөйлесейік дегенді, ал онлайн түрде талқылайық деес – электронды пошта, ғаламтор арқылы қарым-қатынас жасайық дегенді білдіреді.

Қашықтықтан оқытудың онлайн мен оффлайн салаларымен толық танысқан соң, сабақты ұйымдастырушылар мен білім алушылар өздеріне оқудың қолайлы түрін таңдай алады.


Онлайн оқытудың ресурстарымен толығырақ танысып, оқыту жүйесі туралы ақпаратты тереңірек білгілеріңіз келсе, «Разработка → 27+ ресурсов для онлайн-обучения» сайтына кіріп танысуларыңызға болады.

Адамдардың жемісті табысқа жетуінің басты кілті – білім. Бақыттың басты кілтіне ие болу мүмкіндігіне қол жеткізетін қолайлы жолдың – онлайн оқу жүйесі.


Пайдаланған әдебиеттер

1. kaznu.kz. сайты, негізгі бет. Б.1;



2. Мир науки и техники/3 Июнь, 2013 - 19:52.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет