Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады



бет9/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс

Қорытынды

Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және зияткерлік потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер зияткерлік меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.


Курстық жұмысты аяқтай отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
«Материалдық емес активтер» ұғымы дүние жүзілік тәжірибеде әдетте зияткерлік әрекет нәтижесі болып табылатын арнайы шаруашылық объектілер топтарын белгілеуге қолданылады. Олардың заттай құрылымы болмаса да кәсіпорын үшін құны бар болады.
«Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсаттарда, өндірісте, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде және басқа субъектілерге жалға беру үшін ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған заттай нысаны жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер.
Курстық жұмысым «Материалдық емес активтер есебі» тақырыбына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылық жағдайын қарастырдым.
Кәсіпорындардың нарықтық экономика жағдайына көшу жағдайында бухгалтерлік есептің маңыздылығы өте үлкен болып табылады. Себебі, бухгалтерлік есеп қорытындылары арқылы біз кәсіпорын мүлкі туралы толық және ауқымды мәлімет алуымыз болады және сол ақпаратты тұтынушыларға, ақпаратты қажет ететін адамдарға жеңілдікпен жеткізе аламыз.
Қазіргі таңда кәсіпорын мүлкінің құрамында материалдық емес активтердің үлесі күннен күнге артуы байқалады. Бұл Қазақстандық қаржылық нарықтағы технологиялық өрлеу, ақпарат құралдарының жедел дамуы, инновация, интеграциялық байланыстардың жедел қарқынмен дамуы салдарынан байқалады.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында материалдық емес активтер есебі мен аудиті сұрақтары қарастырылды. Қорыта келе мындай түйін шығаруға болады:

  • материалдық емес активтер құрылымына қарай көптеген класификацияларға бөлінеді, осыдан бухгалтерияда МЕА-ң есебі кәсіпорынның құқықтық ұйымдастыру фомасына қарамастан түрлерге бөліп жасалады;

  • МЕА-аналитикалық есебі есептеу техникаларының көмегімен уақытты көп қажет етпейді, ақпаратқа тез қол жеткізуге ықпал жасайды, бақылауды жеңілдетеді, және сапасын жоғарылатады.

Кәсіпорынға келіп түскен материалдық емес активтерді бағалау бухгалтерлік есепте кәсіпкерлік және бухгалтерлік қателесудің жоғары тәуекелдігімен ерекшеленетін әдіс элементі болып табылады. Бағалау – бұл қаржылық есептіліктің барлық көрсеткіштерін құндық, ақшалай өлшеу тәсілі.
Материалдық емес активтер тану кезінде бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құнын есептеу олардың сырттан алынғанына немесе субьектінің өзінде жасалғанына тәуелді болып табылады.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар еңгізіледі. Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру» актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні, обьектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір обьектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің обьектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Материалдық емес активтерді басқа да кәсіпорынға бергенде акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Материалдық емес активтерді есепке қабылдау негіздері оларды алу нысандарына байланысты: активтерді сатып алу, активтерді ұйымның өз күшімен жасауы, активтерді жарғылық капиталға салым ретінде алу, активтерді қайтарымсыз алу және т.б.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтердің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында материалдық емес активтердің есебін жетілдірудің бірден бір-жолы қаржылық есептің халықаралық стандарттарын қолдану болып табылады.
Кәсіпорында аудит жүргізудің басты мақсаттары – ұйымның қаржылық-шаруашылық жағдайы жөнінде неғұрлым нақты, толық және шынайы ақпараттарды жинау.
Материалдық емес активтердің аудиті – бұл кәсіпорында олардың нақты барлығын, құжаттарда көрсетілген ақпараттардың ақиқаттылығын, пайдалы қызмет ету мерзімі мен құнын бағалаудың шынайылығын, амортизациялық аударымдарды, есептен шығуының негізділігін, есептің ұйымдастырылуын, талдау мен оларды тиімді пайдалануды ішкі бақылауды тексеру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет