Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу және кірісі мен оларды есептен шығару



бет7/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс

3.2. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу және кірісі мен оларды есептен шығару

Материалдық емес активтер ұзақ уақыт бойы қолданылады, сонымен қатар, материалдық емес активтердің амортизациясы(мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне байланысты құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды.


Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық емес активтер амортизациясын есептеу 6-Негізгі құралдар есебі БЕС-нда белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қоланудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Амортизацияланатын құн-бастапқы құн минус жойылу құны болып айқындалады. Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:

  1. Пайдалы қызымет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;

  2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:

  • Активтердің пайдалы қызымет ету мерзімі соңында мындай нарықтың болуында

  • Мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса;

Жалпы амортизациялық аударымдардың көлемін материалдық емес активтердің бастапқы құнына байланысты кәсіпорын өз еркімен белгілей алады. Ал материалдық емес активтердің жарамдылық мерзімі біткеннен кейін оларға амортизация есептелмейді.
Амортизацияны есептеуді айдың бірінші күнінен бастап санаған дұрыс. Ай сайын материалдық емес активтерге есептелген тозу соммасын кәсіпорын өзінің өндірістік шығындары құрамына жатқызады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:
2742 «Материалдық емес активтердің амортизациясы лицензиялық келісімдер», 2742 «Материалдық емес активтердің амортизациясы бағдарламалық жабдықтау», 2743 «Материалдық емес активтердің амортизациясы - патенттер», 2744 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – ұйымдастыру шығындары», 2745 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – «Гудвилл», 2746 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – тағы басқалары».
Бұл шоттар пассивті, реттеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығы, ағымдағы айда есептелген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебеті бойынша – материалдық емес активтердің амортизациясын есептеп шығарылған сомасы көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп отырады.
Материалдық активтердің түсу және шығу есебі
СБУ №28 «Материалдық емес активтер есебі» бойынша материалдық емес активтер-әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

  • анықтауға болады;

  • субъект бақылайды;

  • қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді;

Материалдық емес активтер, оларды сатып алуға кеткен шығындарды қосқандағы шыққан факттық құны бойынша бағаланады.
Сонымен қатар, практика жүзінде жарғылық капиталға жарна ретінде салынған немесе құрылтайшылардың қойған келісім құны арқылы да есептеледі.
Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі 10 бөлімшенің 2730-2741 шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттар құрылымы бойынша активті, бағыты бойынша-негізгі, интервалды, күрделі, экономикалық мазмұны жағынан-өндірістік кәсіпорындарда қолданыста болады.
Жоғарыда айтылған шоттар материалдық емес активтерге жататын барлық еңбек процесінің қозғалысы туралы ақпаратты жалпылау үшін қолданылады.
10 бөлімшенің шоттары кәсіпорынға иелігіндегі материалдық емес активтердің қозғалысы туралы жалпы ақпарат аулға ықпал жасайды.
Материалдық емес активтер 10 бөлімшенің 2730-2741 шоттарындағы аналитикалық есеп жеке объектілер бойынша жүргізіледі.
2740 «Материалдық емес активтер амортизациясы» шоттары материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуге және өзіндік құнды өтеуге арналған.
Жоғарыда аталып кеткен шоттар, құрылымы бойынша- пассивті және аналитикалық есеп бұл шоттар бойынша түр-түрге бөлініп және әр объект бойынша бөлек жүргізідеді.
Материалдық емес активтер материалдық емес активтер құрамана акт негізінде кәсіпорынға түсу немесе материалдық емес активтердің эксплуатацияға жарамды болған кезінен, немесе қолданысқа түскен уақытынан бастап енеді.
Мемелекеттік органдардың материалдық емес активтер бойынша барлық құқықтарды растайтын тиісті құжаттарын бергеннен кейін, сол материалдық емес активтер кәсіпорын иелігіне өтеді және жеке меншігі ретінде саналады.
Материалдық емес активтер келесі көздерден түсе алады:

  • сатып алулар;

  • жарғы капиталына салымдар- материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі;

  • кәсіпорынның бірігуі нәтижесінде ие болу- материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда активтер және материалдық емес активтер болып танылмайды, алайда, гудвилге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені, жақсы іскерлік бедел, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.с.с. ;

  • мемлекеттік жәрдем(субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасынан (бағдарламамен қамтамасыз ету) ;

  • айырбас (бартер) нәтижесінде - ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

Тауарлық белгі алынады:

  • келісімшарттық құнға;

  • ҚҚС сомасына

Материалдық емес активтердің шығуына келесілерді жатқызуға болады:

  • Сату (реализациялау);

  • Басқа біреуге тегін беру;

  • Жарамсыздыққа байланысты есептен шығару;

  • Басқа кәсіпорынға жарна ретінде беру;

  • Мерзімі өткеннен кейін есептен шығару.

Тегін беру немесе сату кезінде материалдық емес активтерге ҚҚС салынады.
ҚҚС сомасын анықтау үшін материалдық емес активтердің пайда болу көзін, мерзімін және ҚҚС сомасы болды ма жоқ па, екенін анықтау қажет.
Материалдық емес активтерді тегін беру кезінде ҚҚС-ты материалдық емес активтерді беруші жақ төлейді, ал материалдық емес активтерді қабылдаушы жақ табыс салығын төлейді.
Материалдық емес активтер кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады: реализация кезінде, басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде салғанда, тегін берген кезде, жарамдылық мерзімі өткен соң, моральдық тозу кезінде, кредиторлық берешекті өтеу барысында, компенсациялық келісім-шарт жасау кезінде.
Сондықтан, аудитордың негізгі мақсаты болып Материалдық емес активтердің шығуы кезінде ресімделген құжаттардың дұрыстығын, актілерді, шығу себептерін тексеруі қажет.
Материалдық емес активтерді тапсыру кезінде басқа кәсіпорынның жарғылық капитарына жарна ретінде сату сияқты тәсілмен жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет