Нарықтық қатнастардың дамуына байланысты кәсіпорындар мен фирмалардың мүлігінің құрамында - материалдық емес активтер деген ұғым пайда болды.
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС және БЕС-ге сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субьектілерге жалға беруге, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
анықтауға болады;
субъект бақылайды;
қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егерде оларды жалға берсе, сатса, олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтердi субъект былай анықтайтын болса, онда олжа табу мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер (MEA) шартты түрде 4 топқа белiнедi.
1.Өндiрiспен байланысты материалдық емес активтер
2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.
3.Қолдану(пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.
4.Материалдық емес активтердiң басқа да түрлерi.
Материалдық емес активтерді келесі түрлерге жіктеуге болады:
Лицензиялық келісімдер - Кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға беретін құқықтар;
Бағдарламемен қамтамасыз ету - ол әдетте сатып алынады не болмаса субьектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға алады;
Патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнім шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесспен технологияны пайдалануға эксклюзивті құқық береді;
Ұйымдастыру шығындары (Қалдық шығындары) - субъект шеккен шығындар болашақ кезеңдерге сақтандыру;
Гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым мен таза активтердің жеке - жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Басқадай (авторлық құқықтар, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер - ұйымға, өнімге берілген, атаулар рәміздер, немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары);
Франшизалар - мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызымет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.
«ноу-хау» - үшінші жақтар білмейтін, комерциялық құндылығы бар информациялық, техникалық маңызы бар ақпарат. Жалпы, авторлық құқықтар ҚР «Авторлық құқықтарды реттеу» туралы заң арқылы реттеледі.
Материалдық емес активтердің есебінің міндеттері:
1.Материалдық емес активтердiң қозғалысын дұрыс кұжаттық рәсiмдеу және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету.
2.Материалдықемес активтердiң материалдық жауапты адамдарға бекiту және сақталуын бақылау.
3.Материалдық емес активтердiң есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсету.
4.Материалдық емес активтердiң кұжаттауын дұрыс есептеу.
«Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:
2710 «Гудвилл»;
2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;
2730 «Басқа да материалдық емес активтер»;
2740«Басқа да материалдық емес активтердің құнсыздануы және амортизациясы».
Материалдық емес активтердiң нақты барлығымен қозғалысын есепке алу 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шоттарында жүргiзіледі. Осы шотардың дебетi бойынша - материалдық емес активтердiң келiп түскен басымен аяғындағы қалдықтары көрсетiледi де, ал кредиті бойынша материалдық емес активтердің есептен шығарылғаны көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі - олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.
Шетелде материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі яғни, кеңсенің дизайны, визиткалары, фирмалық бланкілер, конверттер, қызметкерлердің фирмалық киім–кешегі, т.б жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі.