Науаи мемлекеттік педагогика институты


І.3. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын



бет3/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,23 Mb.
#22985
1   2   3   4   5   6

І.3. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын
Жамбыл Жабаевтың «Шәкiрт балаларға», «Атаның әлдиi», «Балама хат», «Жаңа жыл сәлемi», «Жүз жасаған жүректен», «өнердiң өсуi», «балаларға», «Жастық жыры», «Бесiк жыры» тағы басқа да көптеген өлеңдерi балалар әдебиетiнен өшпес орын алады.

Жамбыл «Шәкiрт балаларға» деген өлеңiнде:



Сендердi қоссам жырыма, Мектептен сендер келгенше,

Саңқылдап үнiм сайраған. Тағы да бiр жыр ойланам.

өаудаңдап кәрi саусағым, Келген соң, айтып бермесем,

Шекте бойлап ойнаған. Балалар, кiнә қой маған, -

деп ақын ата балалар алдында өзiне үлкен мiндеттер қояды. Өзiнiң жеке басының жақсы сапаларымен де, әсерлi өлеңдерiмен де балалардың тәрбиесiне айрықша әсер еткiсi келедi. Жас өспiрiмдердегi барлық жақсы қасиеттердi өздерiнiң алдарына тосып, сол жақсы қасиеттерден айрылып қалмауға шақырады. Ержетiп өскен сайын балалаық шақтағы жақсы қасиеттердi шыңдай түсуге, адамгершiлiк сапаны ардақтай бiлуге баулиды.

«Балаларға» деген өлеңiнде де Жамбыл жас шәкiрттер арасында бiрер жетiдей болмай қалса, «қуанышым, тiрегiм, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көңiлiн бiлдiре, оларды өзiне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етiп, бар ықыласымен жыр төгедi.

Балалар әдебиетi тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағышығармалар балалардың жауға деген өшпендiлiгiн арттырады. Жас болса да, оң мен солды танытып, олардың да жауынгершiлiк рухын көтере түстi. мұны бiз оның «Балама хат» деген өлеңiнен көремiз.

Жамбылдың жастар мен жас өспiрiмдерге арналған қай өлеңiн алсақ та, ол алдымен жастардың күшiне сенiп, соларды мақтаныш ете жырлайды. өйткенi жiгер де, күш те, қайрат та солардан табылады. Балаларға осылайша сенiм арта сөйлеу олардың күш-жiгерiн тасытып, рухын көтередi.

Отан соғысы жылдарында қазақ балалар әдебиетiнiң күшi мен оның мазмұны және нағыз халық сипаты бұрынғысынан да айқын көрiнедi. Мiне, осының өзi балалардың Отанға, өзiнiң туған елiне сүйiспеншiлiк сезiмiн арттыра түседi. Отан соғысының тарихи тақырыптары балалар әдебиетiнде соғыстан кейiнгi жылдардағы бейбiт өмiрiмiздiң дамуымен де және бейбiтшiлiк жолындағы iзгi күреспен де тығыз байланысты дамып келуде.

Жамбыл өзiнiң балаларға арналған барлық өлеңдерi арқылы жас өспiрiмдердi көтерiңкi рухта тәрбеилеудi iске асырған және соның тамаша үлгiсiн көрсеткен.

Көктем деген немене?

- Көктем деген немене? Көктем деген, балалар,

- Көктем деген көп жаңбыр. Құлыншақ қой зулаған.

әнге салып әуеде, Еркелеген далаға

өарлығаш ол тұрған бiр. Құрық салсаң тулаған.

Көктем деген – ашылған Көктем деген қыстайғы

Бұлақтардың көзi ғой. әнiмiз ғой айтатын.

Ақ тұманның басында Көктем деген құстар ғой

Жаңа туған қозы ғой Туған жерге қайтатын.
«Шу өзенініңбойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездені барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін, мен тіл ал-май қасаратынмын.

Менің ағам — әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тнгенде, барлық тентектікті ұмытып, Бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені катты кызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда даусым Бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладын. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. 15-ке толған мен атақты ақын Сүйінбай туратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне танып келдім де, мен әндете бастадым.

Жүрегім менін елжіреп, Көзімнің жасы мөлдіреп, Өткізіп ем ертерек, Өксумен бала шағымды. Көксеген бірақ көбірек, Бақытты болашағымды.

Алба-жұлба киініп, Кедейлікке күйініп, Жаяулап жерді жағалап, Домбыраны сабалап, Безегем тіл мен жағымды.

Сүйінбай Аронұлы



Жамбыл Жабаев



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет