Шешу алгоритмі: Ұлпаның (пульпа) химиялық құрамы мен қоректенуін сипаттаңыз.
Ұлпаның метаболизм ерекшеліктері мен рөлін түсіндіріңіз.
(НАДН дегидрленуі мен тотығу- тотықсыздану реакцияларының белсендірілуінің схемасын жазыңыз)
Аскорбин қышқылының әсер ететін ферментін атаңыз;
С витамині жетіспеген жағдайда не болатынын айтыңыз.
Жағдайлық есеп.
Тіс сауыты мен тіс түбірі каналын толтырып тұратын тіс пульпасы қан тамырлары мен нерв талшықтарынан тұрады. Минерализациялану процесі кезінде оттектің пульпаға жеткізілуі артады және тіс тінінің метаболизмінде маңызды рөл атқаратын АТФ, цитрат және СО2 түзілу процестерінің жылдамдығы артады.АТФ тек энергия көзі ғана емес, Н3РО4 доноры ретінде гидроксиапатиттердің, сүйектің минералды компонентінің түзілуіне қатысады.
Шешу алгоритмі: Тіс ұлпасының (пульпа) метаболизм ерекшеліктері мен рөлін сипаттаныз. Глюкоза метаболизмі пульпаның трофикалық функциясында қандай рөл атқаратынын түсіндіріңіз.
минерализациялану кезінде белсенетін глюкозаның метаболизм жолын атаңыз;
пульпадағы АТФ, цитрат және СО2 синтезін қамтамасыз ететін глюкоза катаболизмінің схемасын жазыңыз.
Жағдайлық есеп.
Миокард зақымдануын емдеу және алдын-алу үшін жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға эндогенді фосфокреатинге ұқсас Неотон препараты тағайындалады.
а) Фосфокреатиннің биологиялық рөлі қандай? Ол қандай органдарда синтезделеді?
б) Фосфокреатинді синтездеуге қандай фермент қатысады?
в) Бұл фермент энзимодиагностикада қалай қолданылады?
г) Фосфокреатин алмасуының соңғы өнімі қалай аталады?
Жағдайлық есеп.
Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, түнгі тағамдар тағамның құрамына қарамастан тістерге зиянды болды. 6 жыл бойы түнде тамақ ішкен адамдардың, басқа темекі шегу және қантты тұтыну сияқты факторларға қарағанда көбірек тістерін жоғалтқаны белгілі болды. Түнде тамақтануды ұнататындардың тіс жағдайының нашарлау тенденциясын қалай түсіндіруге болады?
Шешу алгоритмі: a) күндізгі сілекей секрециясының қарқындылығының өзгеруін және оның секрециясының медиаторлармен реттеу механизмін сипаттаңыз;
б) аралас сілекейдің рН мөлшерін және түнгі тамақтану нәтижесінде оның өзгеруін көрсетіңіз;
в) сілекейдің буферлік жүйелерін оның ішінде негізгі жүйені атаңыз;
г) түнгі тағамдар сілекейдің қасиеттеріне қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
Тіс дәрігері кезекті тексеру кезінде науқаста бастапқы сатыдағы пародонтоз деп диагностика жасады. Науқастың қанында кальций, остеокальцин нәруызы, паратгормон концентрациясы жоғары, фосфаттардың мөлшері нормадан төмен екені анықталды. Бұл деректер қандай ауруға сәйкес болуы мүмкін?
Шешу алгоритмі: Паратгормонның нысана-жасушаларына әсер ету механизмін түсіндіріңіз;
Остеокальцин нәруызының және кальцийдің сүйек тінінің метаболизмінде атқаратын функциясын түсіндіріңіз
Сүйек тінінің басқада арнайы нәруыздарын атаңыз, сүйек тінінде олардың функциясын түсіндіріңіз;
Сүйек метаболизмінің басқа маркерлерін көрсетіңіз.
Жағдайлық есеп.
Коллаген нәруыздарының синтезіндегі кез-келген бұзылулар, ең алдымен, ауыз қуысы (тіс-жақ) жүйесі жағынан өзгеруге әкеледі, яғни қызыл иек қанауы түрінде, тістердің босауы және түсуі, бірнеше кариес түрінде көрінеді. Коллаген нәруыздар синтезінің бұзылуына әкелетін себептер әртүрлі-организмде С, РР және В6 витаминдерінің, Cu2+ иондарының болмауы, генетикалық ақаулар және аутоиммундық жағдайлар.