Шешу алгоритмі: а) ауыз қуысын қорғаудың спецификалық және спецификалық емес факторларын атаңыз, олардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз;
б) сілекей иммуноглобулиндерінің (Ig) кластарын көрсетіңіз және sIgA құрылымы мен құрылысын сипаттаңыз.
Жағдайлық есеп.
Пульпа (Ұлпа) – биологиялық барьер, ол тіс қуысы мен периодонтты инфекциялардан қорғайды, трофикалық қызмет атқарады. Сонымен қатар онда тотығу-тотықсыздану процестері және оттекке деген қажеттілік жоғары. Пульпаның метаболизмінде ең басты рөлді аскорбин қышқылы атқарады (С витамині). С витаминінің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.