Науқас М, ер адам, 60 жаста, пульмонология бөліміне келесі шағымдармен түскен: мөлшері аз кілегейлі-іріңді қақырық пен күшті жөтел, қан талшықтары аралас қақырық, төс артының шаншуы, дене қызуының 38-39°С-ға көтерілуі
Науқас М, ер адам, 60 жаста, пульмонология бөліміне келесі шағымдармен түскен: мөлшері аз кілегейлі-іріңді қақырық пен күшті жөтел, қан талшықтары аралас қақырық, төс артының шаншуы, дене қызуының 38-39°С-ға көтерілуі; тәбеті нашар, әлсіздік.Ауырғанына бір апта: суықтағаннан кейін тамағы қышып, бірінші құрғақ, одан кейін ылғалды кілегейлі-іріңді және қан талшықтары аралас жөтел пайда болған.Қарағанда:Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,8°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-22 рет 1 мин.Перкуссияда айқын өкпе дыбысы, аускультацияда - құрғақ және бірең-сараңұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар оң өкпенің төменгі бөлігінен естіледі. Жүрек қағысы анық, ырғағы дұрыс. Пульс 90 рет минутына. АҚ-100/70 мм сын.бағ. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-1.0; лейк. 6,6x109; ЭТЖ-15 мм/сағ. Қақырық анализі: мөлшері-3,0 мл, кілегейлі-іріңді, қою, Л-35-30 к/а. Кеуде сарайының рентгенограммасында: өкпе суреті оңжақ төменгі бөлікте ошақты күшейген, оң өкпенің түбірі ұлғайған, синустары бос.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын анықтаңыз ?
2. Синдромдарды анықтаңыз ?
3. Диагнозды құрастырыңыз ?
4. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері ?
5. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу ? (протокол бойынша)
Жауап: 1. Интоксикациялық синдром, ауырсыну синдромы, астеновегетативті, өкпе тінінің инфильтрациясы, тыныс жеткіліксіздігі синдромы
2.Ауруханадан тыс оң өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы, орташа ауырлық дәрежесі, ТЖ 1.
3.ЖҚА, ЖЗА, оттегі және көмірқышқыл газының Па қысымын анықтау, ҚСР анықтау, ҚБА: билирубин, аминотрансфераза, альбумин, креатинин, мочевина анықтау, Коагулограмма, өкпенің жалпы шолу рентгенографиясы.
4.Емдік режим, емдік тамақтану, этиотропты ем, патогенетикалық терапия (муколитиктер, бронходилататорлар, иммуномодуляторлар, антиоксиданттар), интоксикацияны басу үшін (тұзды және коллоидты ерітінділер), симптоматикалық ем (жөтелге қарсы, қызбаны түсіретін, ауырсынуды басатын), асқынулардың алдын алу.